1 апта бұрын Алматы облысында жоғалған 2 жастағы қыз табылды

/uploads/thumbnail/20170710074026087_small.jpg

Осыдан бір апта бұрын жоғалған екі жастағы қыздың денесі табылды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Sputnik Казахстан-ға сілтеме жасап. Екі жастағы Анастасия Руденко 13 мамыр күні Талдықорғандағы ауылдардың бірінде Қаратал мен Балықты өзендерінің бойында жоғалған. Қыздың аяқ киімі су жағасында табылған болатын.

Баланы іздестіру жұмыстары ТЖ қызметтері мен полициямен де, тұрғындармен де жүргізілген болатын. Балықты өзенінің бойы, Қаратал өзені де қаралған.

Бүгін Қаратал өзенінің Еңбек ауылы маңында қыздың денесі табылды. Қыздың денесі табылған жерді құтқарушылар мен арнайы топтар зерттеп жатыр.

 

Шолушы: Назерке МҰСА

Қатысты Мақалалар