Түріктің танымал актері Бурак Өзчивиттің үйлену тойы өтетін күн белгілі болды

/uploads/thumbnail/20170710074012978_small.jpg

Үйлену дайындығын жасап жатқан жұп жұлдыз Бурак Өзчивит пен Фахрие Евжанның үйлену тойы 29 маусымда өтеді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Олардың үйлену тойына шақыру қағазының фотосы бір ай бұрын әлеуметтік желіде жарияланған. Еске салсақ, жұптар арасында бұған дейін үйлену тойына Фахриенің туған күні 4 маусым бекітілген. Алайда Рамазан айы болуына байланысты той күні кейінге ауыстырылыпты.

Кеше Ыстамбұлда Арнавуткөйде оңаша тамақтанған олар тілшілердің объективіне ілінген. Айналасындағылар оларды қоршап алып, гүл жапырақтарын жаудырған. Олар да «Үйлену тойын тек туысқандары мен жақын достары арасында атап өтетінін» жеткізген.  Айтуынша ғашықтар әлі «бал айы» жоспарын жасамаған.

Сөз соңында Бурк қалыңдығына қос раушан гүлін сыйлаған. Ол қалыңдығының ата-анасының рұқсатын алуға Германияға, 8 наурызда Фахриенің ата-анасы тұратын Солингенге барған. Өткен жылы желтоқсан айында өз туған күнінде ол қалыңдыққа көптің алдында неке жүзігін таққан.  

Айта кетсек, әлемге танылған актер Фахриеге дейін ұзақ уақыт Джейлан Чапамен кездесіп жүрген. Aşk Sana Benzer фильмінде бірне рөл алғаннан кейін Фахриемен көңілі жарасқан. 

Қатысты Мақалалар