Француздық танымал жазушы Франсуа де Ларошфуко айырылысу туралы махаббатты жандыратын да, сөндіретін де айырылысу деген екен. Бүгін біз осыны дәлелдеп көруге тырысамыз.
Өмірдің кейбір уақыттарында адамдар өздерінің жақындарын алысқа жіберуге, олармен уақытша не мәңгілікке айырылысуға мәжбүр болып жатады. Әсіресе, жақыныңыз әскери адам болса айырылысудың шын мәнісінде не екенін түсінесіз.

Осындай сәттерде көңілді көншітетін бір-ақ дүние- айырылысудан кейін кездесу де болады. Тек сол кездесудің болатынына сену керек, күту керек. Өз үйінен мың шақырым жердегі солдаттың жүрегін де өзін күтіп жүрген адамдардың үміті ғана жылытады.

Солдаттар мен әскерилердің үйлеріне қайтып оралғанда жақындарының кешкен эмоциялары –бұл нағыз шынайы эмоция. Қамшы ақпараттық агенттігі шынайы эмоция мен қуаныш көз жасының қандай болатынын көрсету мақсатында төмендегі видеожинақты ұсынады. Бұл кадрларды көзіңе жас алмай көру мүмкін емес.
Дайындаған: Назерке МҰСА