Америкалық әжей 105 жасында диплом алды, деп хабарлайды Қамшы ақпарат агенттігі.
Пансильвания тұрғыны Тереза Брандл мектепті аяқтап, 105 жасында диплом алды. Оқуды аяқтағанын растайтын диплом әжейге өзінің немере, шөберелерінің ортасында отырып табысталды.
Брандл жас кезінде науқас анасы мен бауырларына қарауы керек болған. Сол себепті мектепті өз уақытында оқуға еш мүмкіндігі болмаған. Сол кезден бері көкейінде жүрген асқақ арманы бүгінде орындалып, диплом алды.
Қазіргі таңда Тереза Брандл қарттар үйін мекен етуде.
Шолушы: Айгерім ТАУБАЙ