28 жастағы Бразилиялық фотограф Камила Лима 100 жастағы егіз әжейлер туралы естіген. Лима Марии және Паулине есімді егіз әжелерге романтикалық фотосессия жасауға ұсыныс жасаған, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
Әжейлер бұл ұсынысты қуана қабыл алған болатын.
Фотосессия 2 сағатқа созылған. Егіздерге стилист киім таңдап, аз-аздан түрлі опамен әрлеген.

Фотограф Лима егіздер шаршағандарына арызданбастан біздің барлық айтқанымызды орындады. Бақытты екендері көздерінен көрініп тұрды деп мәлімдеді.
Лиманың суретке түсірудегі басты нысандары көп жағдайда егде жастағы кісілер екен. Оның себебі, қарт кісілерді көрсету арқылы жастарға күш-жігер беру.

Ал өздерінің 100 жылдық мерейтойларын фотосессия жасау арқылы атап өткен Паулинаның алты баласы, 19 немере мен 16 шөбересі болса, Мариидің бес баласы, 12 немере мен 7 шөбересі бар.
Дайындаған: Айгерім ТАУБАЙ