Жұртты шошытқан белгісіз жануардың қаңқасы табылды (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710074213883_small.jpg

 Мумияға айналған жануардың қанқасы Әзірбайжанда табылған. Товуз ауданында табылған қанқа тұрғындарды ғана емес туристерді де таңқалдырды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Sputnik Азербайджан-ға сілтеме жасап.

Бір қарағанда бұл динозавтрдың қалдығы секілді көрінеді. Алайда шын мәнінде олай болмауы да мүмкін. Тұрғындар мұндай нәрсені бірінші рет көріп отырғандарын жасырмады. Белгісіз жануар қалдықтарын Мурвет есімді тұрғын тастар арасында тапқан. Табылған жануардың тістері мен тырнақтары бізге мәлім жануарлардікіне мүлдем ұқсамайды.

Жергілікті тұрғындар табылған қаңқаны зерттеу орталықтарына өткізуге бел байлап отыр.

 

Шолушы: Назерке МҰСА

Қатысты Мақалалар