Бішкекте танысының телефонын ұрлады деген күдікпен Руслан есімді 1974 жылғы жігіт ұсталды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі svodka.akipress.org-қа сілтеме жасап.
18-ші мамырда полиция бөлімшесіне Бішкек тұрғыны хабарласып, үйіне танысы келгенін және одан кейін ұялы телефоны жоғалып кеткенін хабарлайды. Полиция күдіктінің тұратын жерін анықтап, үйіне барды. Руслан есімді ер адам телефонды көрмегенін және ұрламағанын айтады. Сол уақытта 5 жастағы қызы үйінен шығып, әкесінің жаңа телефонын алып келгенін айтқан.
Полиция қажетті құжаттарды толтырып, күдіктіні уақытша ұстау изоляторына отырғызды.