Адамдар Эбби мен Изабель Карлсон есімді егіздердің өмірі 10 жыл бұрын қыл үстінде болғанын біле бермейді. Олар сиам егіздері болған. Қыздардың іштері бір-біріне жабысып туылған.

Майо клиникасының дәрігерлері Эбби мен Изабельге операция жасады. Бұл қыздардың аман қалуының жалғыз жолы еді. Егіздердің ата-анасы қауіпті шешім қабылдады.
Аталмыш клиниканың дәрігері Кристофер Мойер операция жасамас бұрын кардиолог, анестезиолог және хирургтармен кеңесті. 2006 жылдың 12-ші мамырында қыздарға операция жасалды. Ота сәтті өтті. Екі аптадан кейін ата-анасы қыздарды үйлеріне алып кете алды.
Қазір қыздардың жағдайы жақсы. Олар басқа балалар секілді мектепке барады, өз қызығушылықтары бар. Егіздер гимнастикаға барады. Достары да көп. Қыздар екеуін қосып, көпше түрде айтқанды ұнатпайды екен.

Әрине егіздердің бір денеде өмір сүрген уақыты естерінде жоқ. Алайда ол туралы журналистер үнемі еске салып тұрады екен. Сонымен қатар, Изабель мен Эббиде «Миллионның ішіндегі бірегейі» деген тұмары бар.

Қыздар екеуін операция арқылы бөлгенімен бір-бірінің арасындағы байланыс өте күшті екенін айтады. Екеуі бір-бірін бірден түсінеді екен және бірдей ойлайтындарын байқаған.
Дайындаған: Әсем Әлмұханбет