«Жастар» театрында жаңа қойылым

/uploads/thumbnail/20170710074508386_small.jpg

Жастар театры 2017 жылдың 21 мамыр күні Ж.Сомжүректің «Тілеп-Сарықыз»   трагедиясының  премьерасын өткізеді. Қоюшы режиссер: Қазақстанның еңбек сіңірген қайреткері Нұрқанат ЖАҚЫПБАЙ

ХVIII ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген әйгілі күйші Тілеп Аспантайұлы – қазақтың қоңыр үнді қобызының құлағында ойнаған теңдесіз талантымен ғана емес, аңызға бергісіз талайлы тағдырымен де ел есінде есімі елеулі тұлға.

Атақты Қойлыбай бақсыдан күй үйреніп, талантын шыңдаған Тілептің шығармашылығының шарықтау шыңы – тікелей Сарықыз сұлудың есімімен байланысты. Киелі қобыз үні табыстырған қос ғашықтың арманда кеткен келте бақыты қаншалықты қасіретті болса, бірін-бірі құлай сүйген кіршіксіз сезімі соншалықты аяулы. Киелі аспаптың қоңыр үнінен тамыр тартар өлмейтін махаббат һәм келер ұрпақ үлгі тұтар тектілік – Тілептің  Сарықызға арнаған ғажайып күйі болып, ортамызға оралып отыр.

Бүгінде Астананың төрінде қобызшының ұрпағы, белгілі архитектор Сапар Ысқақұлының қолыменен бой көтерген сәні мен салтанаты келіскен  «Тілеп қобыз» сарайы– Тілеп пен Сарықыз махаббатына қойылған мәңгілік ескерткіш белгісіндей болып, келешек ұрпақтың бойына киелі қобыздың тағылымын дарытып,  жастарды шынайы сезімге тәрбиелеп келеді.   

Қатысты Мақалалар