Жүкті әйел УЗИ-ге түскенде баланың мұрны үлкен болатынын айтқан, алайда жағдай мүлдем өзгеше болды

/uploads/thumbnail/20170710074930015_small.jpg

Американдық Эми Пул есімді әйел алғаш рет өзінің баласына қарағанда оның өзгеше мұрнын көріп қатты таңғалған, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Жергілікті БАҚ-қа сұхбат берген әйел ұлын ең бірінші рет көргенде тілі байланып қалғанын айтады. Алайда бірнеше уақыттан соң сабасына түсіп, айналадағы адамдардың не деп айтатынына қарамастан оны жақсы көретінін айтқан.

Оллидің жасы қазіргі таңда 2-де. Алайда оның түрі аздап өзгешелеу болғандықтан анасы екеуі бейтаныс адамдардың «ұсқынсыз» деген сияқты жаман пікірлеріне қарсы тұруы керек.

Эми Пул жүктіліктің 20-шы аптасына келгенде дәрігерлер оның баласының мұрнында бір ақау бар екенін сезген.

«Олар менің қолыма Оллиді бергенде қатты таңқалып, тілім байланып қалды. Ол өзі өте кішкентай болды, ал оның мұрнында көлемі гольф добымен бірдей үлкен доп болды. Алайда оны қатты жақсы көретінімді білдім», - дейді Оллидің анасы.

Олли энцефалоцеле деп аталатын өте сирек кездесетін ауруға шалдығып туылған: оның миы бас сүйгенідегі және мұрнындағы тесігінен өсіп кеткен. Бүлдіршін өскен сайын оның мұрны да бірге өсіп келеді.

Көшедегі бейтаныс адамдар мен бұзақы балалар Оллиді «ұсқынсыз» деп атап, саусақтарын шошайта көрсетуден танбайды.

Оллиге бірнеше ота жасалған. Анасы баласын пышақтың астына жатқызуға қимағанымен, менингит ауруына шалдығу қауіпі бар болғандықтан амалсыз келіскен. Бақытына орай ота сәтті өтіпті.

Аударған: Назерке Лабихан

Қатысты Мақалалар