Бүкір әйел: Менің ішімде 100 ісік бар. Бірақ енді елден жасырынғым келмейді

/uploads/thumbnail/20170710074914218_small.jpg

47 жастағы Лиз Бартон тұқым қуалайтын нейрофиброматоз дертіне шалдыққан. Мұндай аурумен ауыратындардың барлық денесінде қатерсіз ісік өседі. Қазір Лизаның денесінде 100-ден аса ісік бар.

Лиз 5 жаста болғанда аталмыш аурудың  алғашқы белгілері пайда болды. 16-ға толғанда оның жағдайы нашарлады. Ол кезде қыз арқасында гольфтың добындай ісіктің барын сезді. Ол омыртқада өсе бастады. Оны операция арқылы алып тастады. Осыдан кейін Лиздің омыртқасы кифотикалық деформацияға ұшырады. Лиз мұны өміріндегі ең қиын күн болғанын айтады.  

«Ісіктер менің денемде тұрып қалған қатты жаңғаққа ұқсайды. Оның басымда да барын білемін. Мен оны сеземін» дейді Лиз.

Операцияға дейін ол аяғын сезбеді және сөйлеген сөзі анық болмады. Осының салдарынан мектепке бара алмады. Алайда ісік алынып тасталғаннан кейін оның арқасы 100 градусқа иіліп қалды. Қазір әйел ештеңе естімейді. Көру қабілеті де төмен. Нейрофиброматоз есте сақтау қабілетіне де әсер етеді.

«Бұл өте қиын. Балаларыма жаным ашиды. Мен жылдап далаға шықпадым. Енді жасырынғым келмейді».

Лиздің 3 баласы бар. Олар 14 жастағы Эллиот, 16 жастағы Люси және 21 жастағы Джошуа. Балаларының барлығына ауыр дерт берілген екен. Эллиоттың ішінде ісік бар. Ал Люсиде басында. Джошуа дені сау деп ойлайды. Алайда анасы оған сенімді емес екенін айтады. 

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

Қатысты Мақалалар