Астаналық студенттер ұрығын сатып, қаржы тауып жүр

/uploads/thumbnail/20170710074958937_small.jpg

Астаналық студенттердің бірі косметика өндіретін европалық өндірушілерге ұрығын сатып, қаржы тауып жүр  екен, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Экспресс-К басылымына сілтеме жасап.

Ербол есімді жігіттің айтуынша, барлығы да швейцариялық бойжеткенмен әлеуметтік желі арқылы сөйлесуден басталған. Белгілі болғандай, ол қыз өздерінің ұрықтарын сататын жігіттерді іздеп жүрген екен.

«Швейцариядағы Кристинаның фирмасы жасартатын маска, крем өндірумен айналысады. Ол үшін бұларға пәк ер жігіттердің ұрығы қажет болады екен. Кристинаға өте көп мөлшерде ұрық қажет болды, олар үшін бұл өте сапалы дүние екен. Мен жатақханада тұратын жігіттерге айтып едім, барлығы да келісе кетті», - дейді студент жігіт.

Ербол күнделікті Европаға 300 миллилитр көлемінде ұрық жібереді екен. Өзіне керектісін алғаннан соң, бойжеткен Ерболға 1000 евро қаржы жіберіп отырады, ал бұл қаржының басым бөлігін студент жігіт өзіне алып қалады.

Аударған: Назерке Лабихан

Қатысты Мақалалар