Фотограф мылқау баланың түсірген суретін көргенде қатты таңқалған. Даун синдромымен ауыратын бала телефонын алып өзінің қорғаушы періштесін түсірген деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап. 7 жастағы Аашер Лайлс Хьюстоннан қайтып келе жатқанда анасының ұлы телефонын алып аспанды түсірген. Көк аспанда адамның сұлбасы түсіп қалған. Баланың ата-анасы суреттегі сұлбаның Аашердің періштесі дейді.

Бұл сурет әлеуметтік желіде таралып Аашердің отбасына журналистер де келген. Оның анасы сұхбатында баласының өте сезімтал екенін, өзге әлеммен байланыста екенін, баласының көзіне түрлі бейнелер көрінетінін жасырмай айтып берген.
Шолушы: Назерке МҰСА