Елімізге белгілі боксшы Жанқош Тұраров әке атанды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
Мұндай сүйінші хабарды боксшы өзінің Instagram парақшасында жариялады.
Иә, Алла көрдім бе, көрмедім бе?!
Иә, Тәңірім, бердің бе, бермедің бе?!
Шырылдаған үніңнен айналайын,
Шыныменен өмірге келгенің бе?! Қызым болсаң – қырымда құралайсың,
Ұлым болсаң – ұлы бір мұрадайсың.
Естисің бе, есі жоқ, ей, дүние,
Менен неге сүйінші сұрамайсың?! Аллаға шүкір! Алланың жақсылығы ғой. Бүгін әке болдым! Дүниеге қызым келді!Өзім АҚШ-та болсам да сүйінші, Қазақ елі! - деп жазады Жанқош Тұраров.
Естеріңізге сала кетсек, боксшы өткен жылдың 18-қарашасында отбасын құрып, үйленген болатын.
Қазіргі таңда Жанқош Тұраров АҚШ-та 27 мамырда өтетін кезекті жекпе-жекпе дайындық үстінде.