Екі отандық кинотуынды халықаралық кинофестивальде жүлдеге ие болды

/uploads/thumbnail/20170710075255674_small.jpg

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Миры Мориса Симашко» деректі фильмі үстіміздегі жылдың 15 мен 17 мамыр аралығында өткен Польша Халықаралық фестивальінде «Ең үздік деректі фильм» жүлдесіне ие болды.

Қазақстандық режиссер Александр Головинский түсірген деректі фильм Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Президенті бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығының лауреаты (І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын орыс тіліне аударғаны үшін)

Морис Симашконың өмірі мен шығармашылығына арналған.

Осыған дейін аталмыш фильм Мәскеуде өткен 19-шы DetectiveFest Халықаралық шытырман оқиғалы фильмдер фестивалінде арнайы жүлдеге,  сондай-ақ «Вместе» XVII Халықаралық телекинофорумда «Литературная газета» басылымының атынан «Орталық Азиядағы жаңа тарихи роман мектебінің негізін салушылардың бірі және майдангер өмірінің беймәлім парақтарын ашқаны және шеберлігі үшін» арнайы жүлдемен марапатталған. 
 

Әлемнің тәуелсіз кинематографистерін қолдауға бағытталған Польшаның Халықаралық кинофестивалі  онлайн түрде өтеді. Фестиваль шеңберінде көркем, деректі, анимациялық және қысқаметражды фильмдер де бақ сынайды.

 

Сонымен қатар, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ  түсірген «Сенім жолында» атты деректі фильм Ресейдің Севастополь қаласында өткен XIII Халықаралық  «Победили вместе» атты деректі фильмдер және телебағдарламалар фестивалінде Джемма Фирсова атындағы «Үздік әлеуметтік-философиялық телевизиялық жұмыс» жүлдесіне қол жеткізді. 
 

Режиссер Әсия Байғожина түсірген «Сенім жолында» фильмі қоғамымыздағы өзекті мәселелердің бірі – дін жолындағы адасушылық туралы баяндайды.

 

«Победили вместе» фестивалінің бағдарламасына қатысуға 24 мемлекеттен (Ресей, Австрия, Армения, Беларусь, Бельгия, Болгария, Ұлыбритания, Грузия, Германия,  Ирландия, Қазақстан, Қытай,  Польша, Украина, Чехия, Франция, Эстония және т.б.) бар жоғы 250 фильм үміт білдірген екен. Іріктеу комиссиясы 16 елден 65 фильмді таңдап алған екен.

 

Айта кетсек, белгілі кинорежиссер, сценарист, «Қазақфильм» киностудиясының президенті Бақыт Қайырбеков деректі фильмдер бағдарламасының халықаралық қазылар алқасының құрамында болды. Естеріңізге сала кетсек, режиссердің «316-я стрелковая» деректі фильмі 2007 жылы осы фестивальде Бас жүлдені жеңіп алған болатын. Бақыт Ғафуұлымен бірге фестивальдің үздігін анықтаған қазылар алқасы: актриса Наталья Гагина (Ресей), сценарист және сыншы Татьяна Иенсен (Ресей),  продюсер Наталья Иванова (Ресей), режиссер және продюсер У Цзян (Қытай).

 

 

«МОРИС СИМАШКОНЫҢ ӘЛЕМІ»

Режиссері:  Александр Головинский

Сценарий авторы: Сергей Русаков

Операторы: Сергей Косманев

Композиторлары: Фархат Ибрагимов және Әділ Байысбаев.

Редакторы: Евгения Головинская 

 

«СЕНІМ ЖОЛЫНДА»

Режиссері: Әсия Байғожина

Сценарий авторлары: Әсия Байғожина, Мереке Қасен

Операторлары: Ренат Қосай, Нұрсат Әкімхан

Директоры: Нұргүл Нұржігітова

 

 

 

Анықтама: Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ – Көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеңде тұрған өнімдермен (оның ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияның өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған «Мосфильм және «Ленфильм» киностудияларымен бірлесіп,  Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеңінде отандық көркем фильмдердің 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы «Қазақфильм» атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематогрфияның көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтың есімі берілді.  

 

 

Қатысты Мақалалар