Бразилиялықтар ел президенті Мишел Темердің отставкаға кетуін талап етті

/uploads/thumbnail/20170710075308128_small.jpg

Бразилиялықтар ел президенті Мишел Темердің отставкаға кетуін талап етіп, жаппай ереуілге шықты, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Наразылық шеруі елдің бірнеше ірі қаласында өткен. Әсіресе Рио-де-Жанейро мен Сан-Паулу орталықтарына мыңдаған адам жиналды. Халықтың бас көтеруіне 17-ші мамыр күні жергілікті кәсіпкерлер, ағайынды Жоэсли мен Уэсли Батисталардың жоғарғы сотқа тапсырған үнтаспасы себеп болған.

Онда президент Мишел Темердің кәсіпкерлерге мұнай компанияларына қатысты қаржылық құйтырқылықтарды ешкімге тіс жармауы үшін парламенттегі кіші палатаның төрағасы Эдуарду Куньеге ірі сомада пара беруін сұраған сәті жазылған.
 Оған қоса полицияға президенттің жақын кеңесшісінің бірі  қыруар ақшаны чемоданға салып жатқаны жазылған бейнежазба түскен. Осыдан соң оппозиция өкілдері парламенттің төменгі палатасына президентке импичмент жариялау туралы ұсыныс жасады. Оған қоса жоғарғы сот Темердің үстінен алаяқтыққа барып, жемқорлыққа жол берді деген айыптар бойынша тергеу жөнінде шешім шығарған. Алайда президент мұның бәрін жоққа шығарып отыр.

Шолушы : Айгерім Таубай
 

Қатысты Мақалалар