Кеңестік мұғалімдер қандай еді?..

/uploads/thumbnail/20170710075426660_small.jpg

"Бұрынғы мұғалімдер ондай еді",
"Бұрынғы мұғалімдер мұндай еді",
"Бізді мұғалім ұрса үндемейтінбіз. Әкеміз білсе, қосыла ұратын еді" - деп сұңқылдап, өз құқығын талап еткен мұғалімдердің аяғына оралатындар үшін...

Мектепте сабақ берген ұстаздарымның әруақтары кешірсін..
Бізді оқытқан мұғалімдердің көпшілігі 7-класс бітіріп, артынан мұғалімдер курсын немесе пед.училище бітірген мұғалімдер еді. Көпшілігі соғыста болған. Елге еркелеу, араққа жақындау...
1970 жылдардың басында өзге ауылды білмеймін, ал біздің ауылда жоғары білімді азаматтар саусақпен санарлық болатын. 
"Адам құқығы" деген ұғым барын әке-шешеміз түгілі, "Ауыл интеллигенциясы" - мұғалімдеріміздің білгені күмәнді.
Жалпы, барша халықтың түсінігі де сол деңгейде..
"Еті сенікі, сүйегі менікі" деген заманның соңын көріп қалған ағайларымыз үшін оқушыға қол жұмсай салу түкке тұрмайтын. Тек майып қылмаса болғаны.
Кейбір бұзықтау балаларды "Әкеңнің ауызы" деп біздің көзімізше, боқтап ұрған ағайларымызды көрдік..
Оқушының бірін ағайларымыз көшенің қарсы бетіндегі дүкенге темекі мен араққа жұмсай салуын ешкім ерсі көрмейтін.
Әлі есімде, біз 4-і оқып жүргенде менің кластасымның 7-класта оқитын әпкесіне көрші ауылдың баласы хат жазыпты. Ол хат класс жетекшінің қолына түскен. Әлгі апай бүкіл класстың алдында өзіне келген хатты әлі қолына ұстап көрмеген бүлдіршін қызға "жәлеп" деп ұрысқан.
Сол қыз сірке суын ішіп қайтыс болды. 
Біз жоғары сыныпта оқып жүргенде ауылымыздың бір жігіті пединститут бітіріп, өзімен бірге бітірген келіншегін де ауылға ала келді. Екеуі де мектепте мұғалім. Әлгі жас жеңге-апайымыздың жақпай қалған балаға "Әтәңә нәлет мозга" - деп бор лақтыратын әдеті бар боп шықты.
Марқұм болып кеткен ұстаздарымның әруақтарынан тағы кешірім сұраймын. Солардың көпшілігі бізді "Құдай жоқ" деп үйретті. Өздері іштей сенер-сенбесін білмеймін.
Оларды кіналаудан аулақпын. Бірақ идеал жасауға да қарсымын
Кеңестік идеология оларды сындырып, илеп өзіне құл етіп қойған еді.
Қазір заман басқа, заң басқа..
Өз құқығын қорғай алмаған құл-мұғалім балаңызға жарытып білім мен тәрбие бере қоюы екіталай..

(Фото 1968 жылы түсірілген)

Жазба Өмір Шыныбекұлының Facebook парақшасынан алынды.

Қатысты Мақалалар