Канаданың Ричмонде қаласында теңіз арыстаны қызды суға тартып әкетті деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
Видеодан ақ көйлек киген қыздың су айлағының шетіне отырғанын көруге болады. Осыдан кейін теңіз арыстаны қыздың көйлегінен тістеп, суға тартып әкетеді. Жанында тұрған ер адам бірден суға түсіп, қызды алып шықты.
Британдық Колумбия Университеті жанындағы теңіз сутқоректілерді зерттеу орталығының директоры Эндрю Трайтс бұл калифорниялық теңіз арыстанының аталығы болғанын айтады.
«Видеоны көргеннен кейін, адамдар осыншалықты ақымақ па деген ой келді. Жабайы табиғатқа құрмет білдіру дегенді білмейді» деді Эндрю Трайтс.
Дайындаған: Әсем Әлмұханбет