Ақ үй $1 млрд көлеміндегі грант бағдарламаларын қысқартуды көздеп отыр, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.
АҚШ президенті Дональд Трамп Мемлекеттік департамент жүйесінде қамтамасыз етілген тегін әскери грантты қайта қарамақ, сонымен қоса Конгресс мақұлдаса, оны қайтарымды несиемен алмастырмақ ойда. Бұл жайында дүйсенбі күні Ведомствода хабарланды.
Америкалық шенеуніктердің айтуынша, аталмыш ұсынысты осы апта ішінде заң шығарушылар қарайды. Мәселе $1 млрд.ты құрайтын 10 мемлекетке қатысты бағдарлама жайында болып отыр.
Гранттан айырылуы мүмкін мемелекеттердің қатарында Украина тұр. Сәуірдің аяғында The Foreign Policy басылымы Мемлекеттік департаменттің 2018 жылға қаржы жобасын жариялаған. Онда АҚШ-тың Украинаға қаржылық көмегі 68,8%-ға қысқаратындығы жазылған, яғни $570,9-дан $177,9, млн.ға дейін қысқармақ.
Мемлекеттік департаменттің хабарламасында Украинадан бөлек мына мемлекеттердің гранттық көмектен айырылатындығы көрсетілді: Пәкістан, Тунис, Ливан, Колумбия, Филиппины және Вьетнам. Пәкістанға көрсетілген гранттық көмек $265 млн.-дан $100 млн-ға дейін қысқарады.
Осы уақытқа дейін Мемлекеттік департамент басқармасымен қауіпсіздік мақсатында $6 млрд. бөлінген. АҚШ әскери грант ретінде ұсынған көмектер тізімі мынадай болған: Израиль - $3,1 млрд, Иордания - $350 млн. және Мысыр - $1,3 млрд. Америкалық шенеуніктердің айтуынша, аталмыш гранттар 2018 жылғы қаржыда сақталады.
Наурыз айында Ақ үй әкімшілігі дамушы мемлекеттерге қолдау шығындарын үш есеге қысқартуды ұсынды. 2018 жылғы жоба бюджетінде Украинаға көрсетілген көмекті 68,8%-$177,9 млн.-ға қысқартты. Тәжікстан – 47,6%-ға, $17,3 млн.-ға қысқарды, Молдава – 47,4%-$16 млн.-ға қысқарды. Армения, Әзірбайжан, Беларусия, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан мемлекеттеріне көмек 100%-ға қысқарды. Көмектен толық айырылғандардың қатарында Вьетнам мен Куба да бар. Ал, Ирак пен Сирияға көмек керісінше өспек: Ирак – 144,9% - $122 млн.-нан $300 млн.-ға дейін, Сирия – 50%-ға, $100 млн.-дан $150 млн.-ға дейін өседі.
Шолушы: Гүлім Жақан