Әлемдегі адам нанғысыз күмәнді тіршілік иелері (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710075504567_small.jpg

Су перілері мен керіктер-ойдан шығарылған ба әлде шынайы өмірде болған ба? Ғасырлар бойы адамдардың қызығушылығын тудырып, басын қатырған белгісіз тіршілік иелері туралы мәліметтерді Қамшы ақпараттық агенттігі оқырман назарына ұсынады.

Лох-несс құбыжығы

Лох-Несс көлінде аңыз бойынша су құбыжығы мекендейді. Шотландиялықтар оны еркелетіп Несси деп атайды. Алғаш рет ол туралы мәлімет 5 ғасырдағы жазбаларда  табылған. 1880 жылы Лох-несс құбыжығы туралы ел естиді. Және бұл жолы болған оқиғаға байланысты бұл ақпарат шынайы ретінде қабылданады. Қайықпен бірге көлдің үстіндегі ер адам суға батып кеткен, куәгерлер қайықты әлдебір күш өзіне тартып сындырып жіберген дейді.

Су құбыжығы  1933 жылдан кейін танымал бола бастады. «Ивнинг Курьерс» басылымы куәгердің  басынан өткен оқиғасы негізінде құбыжық туралы материал басып шығарады.

Осыдан бір жыл бұрын 2016 жылы фотограф Иэн Бремнер Лох-Несс көлінде 2 метрлік жылан тәріздес тіршілік иесін суретке түсірген. Алайда БАҚ мұны жалған мистификация ретінде санаса, кейбіреулері фотода үш итбалық бар деп есептеді.

Су перілері

Су перілері туралы аңыз да, халық арасында таралған әңгіме де көп. Құйрығы бар арулар әр халықтың мифологиясында әр түрлі орын алады. Кейбір халықтарда олар судың, көлдің, теңіздің қорғаушылары, кейбірінде керісінше су перісіне суға батып кеткен қыздар айналады деп есептеледі екен.  Су перілері адамға қауіпті жындар деген көзқарас та бар.

Әлемнің көптеген жерлерінде, Нигерия, Үндістанда су перісінің қаңқасына ұқсас осындай қаңқалар табылған.

Сиреналар

Сиреналар- ерекше дауысқа ие  қанатты арулар.  Грек мифологиясында оларды Зевстің өзі құдайлардың тапсырмасын орындамаған үшін сұлу келбет сыйлап, қолдарының орнына қанат берген делінген.

Кракен

Скандинавиялық құбыжық. Айдаһар басты сегізаяқ алғаш рет 1710 жылы дат натуралисі Эрик Понтоппидың жазбаларында аталған. Бір аралмен бірдей құбыжық кемелерді суға батырып отырған.

200 жылдан 1897 жылы  зерттеушілер  су астынан нақтырақ айтқанда Атлант мұхитынан үлкен кальмарды тапқан. Оның ұзындығы 16,5 метрді құраған.

Феникс –отты қанаттары бар өлмейтін құс. Ол өзінің өлетінін сезсе жанып кетеді екен.

Оның орнына кішкене балапан қалып қалады. Өмір сүру кезеңі 500 жыл.

Пегас

Аппақ қанатты пырақ ат. Аңыз бойынша ол Посейдон су құдайы мен Медуза Горгонаның қосылысынан пайда болған.

Қар адамы

Қар адамы немесе Йети маймылға ұқсас болып келеді. Таулы аймақтарда мекендейтін бұл тіршілік иелері туралы алғаш рет қытай жазбаларында кездескен. Олардың өмірде барын дәлелдейтін айғақтар: табан іздері, басы табылған.

 

Дайындаған: Назерке МҰСА

Қатысты Мақалалар