Коржавин Денис Валеревич есімді уағызшы мәлімдемесін видеоға түсіріп, ғаламторға жүктеді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Ол діни сенімдегі адамдар арасында Абдулла Коржавин есімімен танымал екенін айтады. Соңғы уақытта ғаламтор арқылы діни материалдарды таратумен айналысқанын және олардың "Три основа" кітабының негізінде дайындалғанын айтты. Аталмыш кітап Қазақстан аумағында экстремистік деп танылған. Осыған байланысты, Денис Валеревич ары қарай экстремистік материалдарды таратуды тоқтататынын және дәстүрлі Ислам дініне өтіп, радикалды ағымдарға қарсы болатынын айтады.
"Мен өзімнің қателігімді түсіндім. Енді Қазақстан аумағында да, шетелде де миссионерлік іспен айналыспаймын. Менің бейнематериалдарым діни алауыздықты тудырады" дейді уағызшы.
Сонымен қатар, ол әлеуметтік желілердегі, ғаламтордағы өзінің таратқан барлық материалдарды өшіруді сұрады.
Дайындаған: Әсем Әлмұханбет