Әлемде неше түрлі сорақылықтар орын алып жатыр. Алайда «үшінші жыныстылар» туралы естіп пе едіңіз? Иә, әлемде осындай да адамдар бар екен. Біздің ғаламшарымызда неше түрлі сұмдықтар болып жатыр. Бұл біздің білетініміз ғана, білмейтініміз қаншама?! Сіз естімеген «үшінші жыныстылар» туралы ақпаратты Қамшы ақпараттық агенттігі оқырмандардың назарына ұсынады.
Самао аралында фаафафина деп тәрбиелі қыздарды атайды. Алайда олар қыздарға ұқсас жігіттер болып табылады. Иә сіз дұрыс түсіндіңіз. Оларды әлемде үшінші жыныстылар деп есептейді екен. Сонымен бірге олар жыныстық қатынасқа жігіт кейпінде де, әйел кейпінде де қатыса алады. Бірінші жағдай жиі ұшыраспайды. Яғни тәрбиелі қыздар атты жігіттер жыныстық қатынасқа әйел секілді қатысады.

«Фаа» сөзі самоан тілінен аударғанда «ұқсас», ал «фафине» сөзі «әйелдер» деген мағынаны білдіреді.

Аталған аралда жігіттер тұрмыстық шаруаларға көп араласа бермейді. Олардың міндеті мал сою ғана, ал әйелдер үй шаруасын, отын жинау, тағы басқа тірліктерді жасайды екен.



Фаафафиналар әйелдер секілді киінеді, шашын ұзын етіп өсіреді, опа-далап пайдаланады. Олар гомосексуалдарға ұқсайды, себебі жыныстарын да ауыстырады. Бірақ олар туылғаннан бастап осылай өмір сүреді екен. Сонымен бірге олар өз дәстүрлерін мақтан тұтады екен.
Шолушы: Сәбина Рамазан