Бірнеше күн бұрын мексикалық бір топ тұрғын ресейлік бір ер адамды аямай өлімші етіп сабаған видеосы әлеуметтік желіде кеңінен таралды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
Соққыға жығуларының басты себебі: ресейлік азамат жергілікті тұрғындарға қатысты ауыр сөз айтып, тіл тигізген екен. Намысты тұрғындар өздеріне қаратылып айтылған ауыр әрі балағат сөздерді естігенде ашуға булығып, жұдырықтаса бастаған.
Видеода көрініп тұрғандай, ресейлік азамат бір топ ашулы тұрғындардан қашып, үйіне тығылмақ болған. Алайда, ойы іске аспады. Үйлердің терезесі сынған, ал ер адамның денесінде сау тамтық қалмаған. Ресейлік ер адамды бар күштерімен таяқпен, темірмен ұрып соққан. Тексеру барысында ер адамның пышақ жарақатын алғаны белгілі болды. Сонымен қатар, ресейлік ер адамның өзі де мексикалық тұрғынның біреуін ауыр жарақаттап, салдарынан ол жан сақтау бөлімінде көз жұмған.
Ашуға булыққан мексикалық бір топ тұрғын осылайша ресейлік азаматты өлтіруге шақ қалды. Сонымен қатар, АҚШ-та ресейлік бір бойжеткеннің мәйіті табылған.
Ал мына видеода ресейлік азаматтың мексикалық тұрғындарды қалай балағаттағаны, тіл тигізгені көрсетілген.
Шолушы: Назерке Лабихан