Дима Каленкин ешқашан өзінің туған ата-анасын көрмеген. Дүниеге келген сәтте балаға «гидроцефалия» деген диагноз қойылған. Оны білген ата-анасы баласынан бас тартқан. Ал Дима болса Украинаның Краматорск қаласында мүгедектерге арналған балалар үйінде тәрбиеленген, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Диманың ата-анасы бас тартқанымен қоймай баланың басына тағы бір бұлт үйірілген. Украинададағы әскери жағдайларға байланысты Дима тәрбиеленіп жатқан балалар үйі кімнің қарамағына өтетіні жайлы үлкен дау болды. Соның нәтижесінде Дима Харьковадан бір-ақ шықты.

Жергілікті дәрігерлер Диманың жағдайын көріп көздеріне жас алды. Диманың адам қатарына қосылуы екі талай болды. Ол өмірінің соңына дейін мүгедектерге арналған мекемеде тұратындай халде еді.

Ойламған жерден ғажайып құбылыс орын алды. Эрнест пен Рут Чавес есімді америкалық отбасы балалар үйіне бала асырап алу үшін жүгінеді. Украинадағы жағдайды естіп, Чавестер баланы асырап алуға шешім қабылдайды. Үлкен үйде Чавестер отбасында әр ұлттың жеті баласы өмір сүруде. Екі айдың ішінде баланы асырап алу жұмыстары аяқталып, Дима жаңа отбасымен танысып үлгерген.

Сәбиге Зебдаях Чавес деген жаңа есім берлді. Сол уақытқа дейін қолына қасық ұстай алмаған бала бүгінде ешкімнің көмегінсіз өзі тамақтануға қауқарлы.

Асырап алған сәттен бері баланың ата-анасы оның денсаулығын қадағалауда. Бала бүгінде өз аяғымен жүруге әрекет жасауда. Екі тілді де толыққанды игеріп үлгерген.
Дайындаған: Айгерім Таубай