АҚШ Қарулы күштері сейсенбіге қараған түні «Араб түбегіндегі Әл-Каида» жауынгерлеріне қарсы жорық жүргізді, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі. Бұл жөнінде АҚШ-тың Орталық Қолбасшылығы хабарлайды.
Әуе соққылары мен атыс қаруының салдарынан 7 жауынгеррдің көзі жойылды.
Мариб провинциясында жүргізілген операция нәтижесінде АҚШ террористердің «қайда жасырынуы мүмкін» екендігін анықтайтын ақпаратқа қол жеткізді.
«Бұл операция Йемен үкіметінің қолдауымен жүзеге асты. АҚШ араб одақтастарымен бірігіп терррористік ұйымдармен күресуді жалғастыратын болады», делінген қолбасшылықтың хабарламасында.
Соңғы жылдары АҚШ Йемен арқылы тұрақты түрде «Әл-Каида» жауынгерлеріне соққы жасап жүр, бірақ ережеге сай әуе соққысы арқылы ғана. Алайда АҚШ президенті Дональд Трамптың жаңа әкімшілігі террористерге қарсы бірнеше жерүсті жорықтар ұйымдастырды.
Шолушы: Гүлім Жақан
Пікір қалдыру