Жезөкшелер ЭКСПО халықаралық көрмесінде қызмет көрсетуге дайындалып жатыр

/uploads/thumbnail/20170710080255121_small.jpg

ЭКСПО кезінде дәстүріміздің сан озық үлгісін көрсетіп, жаңадан салынған сан түрлі ғимараттардың таныстырылымы өтетіні белгілі. Әркім өз бизнес жоспарын іске асырып,  еңбегіне қарай жемісін көргісі келеді. Олардың қатарында жеңіл жүрісті қыздар да бар. Олар осы жазда көптеп ақша табуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі 31 Арнаның мәліметіне сүйеніп.

24 жастағы Анжеликаның коммерциялық секспен айналысқанына бес жыл болды. Ол елордалық клиенттердің жомарт екенін айтып,  әр жаз сайын Астанаға келетінін де жасырмады.

«Жаз кезінде Астанаға баруға тырысам. Биыл әдеттегіден қиын болатын шығар. Өйткені, ЭКСПО болғандықтан полицейлер күн сайын тексеріс жүргізеді. Сондықтан ЭКСПО-ға билет алып, қонақ ретінде баруға тырысамыз», – дейді Анжелика.

Бүгінгі күні 2000 жезөкше ЖИТС дерті есебінде тұр. Олар жыл сайын өздігінен тексеруден өтеді екен. Анықтама алған соң өзге аймақтарға қызмет көрсетуге аттанады,-деп мәлімдеді  ОҚО ЖИТС-мен күрес және профилактика орталығының бөлім меңгерушісі Марат Смағұлов.

Шымкенттік жезөкшелер осылайша халықаралық көрмеде қызмет көрсетуге дайындалып жатыр. ЖИТС орталығы әлі 300-ге жуық коммерциялы секспен айналысушы қыздарды тексеруі керек.

Шолушы: Айгерім Таубай

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар