Астанада өртенген тұрғын үйден 10 адам құтқарылды

/uploads/thumbnail/20170710080511800_small.jpg

21 мамыр сағат 19:42-де Астана өрт қауіпсіздік қызметіне Жұбанов 6 көшесінде орын алған өрт туралы хабар түскен. 5 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабаты өртенген деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі  Zakon.kz-ке сілтеме беріп.

Адамдарды құтқару операциясы сәтті өтіп тұрғын үйден 10 және 20 литрлік газ баллондарын шығарылған. Сағат 20:03-те өрт сөндірілген. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда.

Тұрғын үйден барлғы 10  адам оның ішінде 2 бала құтқарылып, тағы 35 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Шолушы: Назерке МҰСА

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар