Мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкер күтпеген жерден олжалы болды

/uploads/thumbnail/20170710080503913_small.jpg

51 жастағы Раймонда Бриндли мал шаруашылығымен айналысатын қарапайым кәсіпкер. Раймонда Бриндли күніне 15 сағат жұмыс істейді.  Раймонданың төрт жүзден астам қойы бар екен.

Жақында Раймонданың шаруашылығындағы оқиға кәсіпкерді таңқалдырды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкер бір қойдан үш қозы туылады деп жоспарлаған болатын, бірақ қозы туылғаннан кейін Раймонд барып қараса алты қозы бірден туылған екен, оның үшеуі ақ, қалған үшеуі қара.

 «Үшеуі - бұл рекорд, ал төртеу сирек кездеседі, бесеуін естігенім ғана бар.  Ал менің қолымда  алтауы  бірден тұр»,- дейді Раймонд.

Осылай алты қозының бірден туылу хабары тез тарап, ағылшын кәсіпкерінің есімі бірден  әлемге әйгілі болды. 

Дайындаған: Ақнұр МҰХТАРХАН

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар