ШЕКАРАДА ТОНАЛҒАН ЖЕСІР АНАҒА ҚАТЫСТЫ АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ СОТТЫҢ ҚАЙДА ӨТЕТЕІНІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

/uploads/thumbnail/20170710080448874_small.jpg

Осы жылдың 8 ақпаны күні Қытайдан Қазақ Еліне көшіп келе жатып, «Майқапшағай» кедендік бақылау бекетінде 59,900 АҚШ доллары кеденшілер тарапынан тәркіленген жесір ана Гүлжан Мәуітханқызына қатысты апелляциялық сот отырыс 1-ші маусым күні Өскемен қаласында өтеді, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Baq.kz порталына сілтеме жасап.

Күллі елдің қарсылығын тудырған бұл оқиғаға байланысты алғашқы сот отырысы Зайсан қаласында 17 наурызда өткен болатын. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық соты жалғызбасты әйелді 234-бап бойынша айыпты деп таныған. Сондай-ақ, 68 мың теңге айыппұл салып, қалған 40 мың долларды мемлекетке кіріс ретінде шешкен еді.

Ол шешімге наразы болған жалғызбасты ана апелляциялық сотқа шағым түсірді.

Қазақ қоғамында зор дүмпу тудырған атышулы бұл оқиғаға күллі жұрт назар аударып отырғаны белгілі. Әсіресе, өзге елдерден атажұртқа оралуды мақсат еткен сан мыңдаған қандастардың осы оқиғадан соң, буулы теңдерін қайта шешіп, ойланып, қорқақтап қалғаны жасырын емес.

«Апелляциялық сот оңтайлы шешім шығарып, өз ақшамды өзіме қайтарар деп үміттенемін. Ал, ол ақша қолыма тимесе, екі балам мен келінімді, інімді, оның бала-шағасын қосқанда 8 адам баспанасыз, тиынсыз далада қалғалы тұрмыз», – дейді жесір ана.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар