Аз ғана ғұмыры қалған ғашықтар үлкен той өткізді

/uploads/thumbnail/20170710080434153_small.jpg

Эми Авэрисс пен Ли Шарпэ есімді ғашықтар тойларын 2017 жылдың тамыз айында өткізуді жоспарлаған. Алайда Эми жиі талып қалатын болды. Дәрігерге тексерілу барысында оның көп жыл бұрын ауырған онкологиялық ауруға қайта шалдыққаны белгілі болды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Life.ru-ға сілтеме жасап.

Отбасылық жұп бірнеше апта өткеннен кейін тағы бір жағымсыз жаңалықты естиді. Эмми ауырып жүргенде қолдау көрсетіп, қолынан келгенше демеп жүрген Лидің басынан ісік табылған. Қауіпті дерт екеуінін де өміріне қауіп төндіріп тұр.

Эми мен Лидің азаматтық некеде тұрғанына 13 жыл болды. Олардың 3 баласы бар. Отбасылық жұп әдемі той өткізуді жоспарлап жүрген. Алайда ауру екеуінін де өміріне қауіп төндіріп тұр. Мұны білген достары Эми мен Лиге 4 күннің ішінде керемет той жасап берді.

Той кезінде Эми көз жасына ерік бермеуі үшін өзін әрең ұстаған.

 

«Біздің әр күніміз өміріміздегі соңғы күн болуы мүмкін. Сондықтан өзіңіз армандаған ісіңізді кейінге қалдырмаңыздар» деді Ли Шарпэ.

 

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар