Оралдағы Мәншүк Мәметованың ескерткішінің астынан өткен ғасырдағы хат табылды

/uploads/thumbnail/20170710080544719_small.jpg

Кеше, яғни 22 мамыр күні Орал қаласынағы Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметоваға арнап қойылған ескерткіш алынып тасталған болатын, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Уральская неделя басылымына сілтеме жасап.

Ескерткіштің алыну себебі – оның орнына 138,5 миллион қаражатты құрайтын жаңа ескерткіш орнатылады екен.

Көп ұзамай бұл алаңда «Қазақ халқының батыр қыздары» атты Нұрлан Далбайдың жаңа ескерткіші қойылады.

Мәншүк Мәметоваға арнап қойылған ескерткіштің бұл жерде тұрғанына 30 жылдан асатам уақыт болды.

Ескерткішті орнынан алу кезінде жұмысшылар оның астынан ішінде қағаз бар бөтелке тауып алған. Онда ескерткішті орнатқандардың есімдері жазылған екен.

БҚО Тарихи-мәдени инспекциясының директоры Талғат Жүсіпқалиевтің айтуынша, комиссия құрамы ескерткішті тексеру барысында техникалық ақаулар мен сынықтарды тапқан.

Соның салдарынан ескерткішті қалпына келтіру жайлы шешім қабылданған. Алайда бұл ескерткішті қайтадан бұл орнына емес БҚО-ның басқа аудандарының біріне орналастырады.

Аударған: Назерке Лабихан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар