Алып жануардың ашуына тиген аңшы көз жұмды

/uploads/thumbnail/20170710080559266_small.jpg

Зимбабта арнайы жасақталған аңшылардың бірі көз жұмды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Теунис Бота есімді аңшы арнайы топтың  мүшесі болған.

Бір топ аңшы сафариге кіре берісте бір топ  пілге кезігеді. Аңшылардың ішінен Бота жануарларға оқ жаудыра  бастайды.  Артынша алып жануардың біреуі тұмсығымен ер адамды ұстап алған. Өз жолдасын құтқарып қалу үшін басқа аңшылар да сол сәтте алып жануарға оқ жаудырған. Нәтижесінде өлімші халге жеткен алып жануар Ботаның үстіне құлайды.

Теунис Бота сол жерде жан тапсырған. 

Дайындаған: Айгерім Таубай

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар