Мари Катаяма тоғыз жасында сирек кездесетін дертке шалдығып аяғынан айырылады. Тағдырдың мұндай қиындығына қарамастан жас қыз өзінің дертін қызығушылығымен ұштастырып өмірін өзіне және өнерге арнай алған деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі life.ru-ға сілтеме беріп.
Суретші қыздың денесі өнерінің маңызды бөлігі. Өзінің денесін өнердің түріне айналдыра алған суретші қыз өз табынушыларын жинай алған.
Катаяма барлардың бірінде жұмыс істеп жүрген кезде келушілердің бірі «әйел биікөкшесіз әйел емес» деп айтқан екен. Осыдан кейін ол өзінің кесілген аяғына арнайы биікөкшелерді жасап шығармақшы болады. Қазіргі кезде заманауи өнер мұражайында Катаяманың көрмесі өтіледі.
Мари жұмысына киімдерді өзі тігеді. Барлық киімдер оның табиғаттан, өмірден алған әсері негізінде тігіледі.
Мари Катаяманың өзі денесін өнер ретінде есептемейді. Өмір сүруге ыңғайлы болғандықтан осы жолды таңдаған. Физиологиялық қиындықтармен бірге Мари суретші әйел ретінде де қоғамның қысымында жүргенін айтады.
Маридің табынушыларының көпшілігі оны кім суретке түсіретінін сұрайды екен. Шындығына келгенде барлық суреттерді Мари өзі түсірген екен. Себебі Мари суретке өзі жалғыз түсікенді ұнатады.
Шолушы: Назерке МҰСА
Пікір қалдыру