Туған әкесі 16 жастағы қызын екі жылдан астам уақыт зорлап келген

/uploads/thumbnail/20170710080617610_small.jpg

2017 жылдың 7 мамырында 2001 жылғы қызын зорлады деген айыппен 38 жастағы Қостанайлық тұрғынға қатысты тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі облыстық баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Айыпталушының іс-әрекетінің салдарынан жасөспірімнің психикасына зақым келген. Ол екі жылдан астам уақыт бойы зорлап келген. ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес қылмыскерге 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады», - деп хабарлады прокуратура.

Тергеу жұмыстарының қорытындысы бойынша, 18 мамыр күні облыстық прокуратура қылмыскерге қатысты істі Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық сотына қарауға жіберді.

Шолушы: Назерке Лабихан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар