Әскери басқару органы БАҚ өкілдерін марапаттады

/uploads/thumbnail/20170710080636485_small.jpg

Бүгін Алматы қаласында Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына орай және Қазақ армиясының имиджін көтеру, әскери-патриоттық тәрбиелеуді жақсарту мақсатында республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін марапаттау шарасы өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің оң имиджін қалыптастыру, ерлік пен Отан сүйгіштікке дәріптеу. Шарада Алматы қаласының жергілікті әскери басқару органдарымен өзара тығыз байланыс жасап, ынтымақтастық орнатып, әскери саланың имиджін дамытуға үлес қосып келе жатқан БАҚ марапатталды. Оның ішінде атап өтер болсақ, "Қамшы" ақпараттық агенттігі, "Арһар" ақпараттық порталы, "Алауинформбюро" ақпараттық порталының журналистерін Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары - тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің бастығы полковник Аспамбетов Ермұқан Ерланұлы мадақтама тапсырып, болашақта одан әрі шығармашылық байланыста болатынын тілге тиек етті.

Сондай-ақ Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің баспасөз қызметінің бастығы майор Новикова Кристина Аккуановна шараға қатысқан журналистер қауымына алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тіледі. Алматы қаласының жергілікті әскери басқару органдарының баспасөз қызметтері БАҚ өкілдерімен әрқашан тығыз байланыста екенін атап айтқан жөн. Мұндай игі бастамалар алдағы уақытта бола бермек.

Қарлығаш МҰСАБЕКҚЫЗЫ

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар