Жаңа жылдан бастап темекі құны өседі

/uploads/thumbnail/20170708154853429_small.jpg

Қазақстанда алдағы жылдан бастап темекі бағасы қымбаттайды. Азаттық радиосы сайты жазуынша, мұндай ақпарат бүгін Үкімет қаулысымен бірге ресми басылымдарда жарияланған. Қаулыға сәйкес, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап бөлшек саудада фильтрлі сигареттің жиырма данасы үшін ең төменгі баға 200 теңге мөлшерінде белгіленеді.

bigstock_Cigar_Smoke_287785

Қазіргі уақытта Қазақстанда фильтрлі сигареттің ең төменгі бағасы 150 теңге шамасында. Айта кетсек, елімізде темекі туралы заң айтарлықтай күшейген. Жасөсіпірімдерге алкоголь өнімдерімен темекі саудалау заңмен қудаланады. Сондай-ақ түнгі уақыттарда да бұндай саудаға жол жоқ.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар