Ресейде екі жеткіншек Лениннің ескерткішін сындырған

/uploads/thumbnail/20170710080852409_small.jpg

Қиыр шығыста Амур облысы Ушумун ауылының жасөспірімдері  Лениннің ескерткішіне зақым келтірген деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі lenta.ru-ға сілтеме жасап.

19 мамыр пионерлер  күнінде екі мектеп оқушысы қолдарына таяқ тәріздес заттарды алып ескерткіштің аяғын, қолын сындырған.

Жеткіншектер өз кінәләрін мойындап, бұл әрекетке Лениннің пікірлері мен саясатымен келіспейтіндіктен барғандарын айтқан. Оқушылар оқитын мектептің директоры олардың мектептегі үлгілі оқушылардың бірі болғандықтарын жеткізген. Мектеп оқушылары өз кезегінде ескерткішті қайта қалпына келтіруге дайын екендіктерін білдірді.

 Ушумундағы Ленин ескерткіші 1939 жылы орнатылған. Ол жергілікті өнер туындыларының негізгі объектісі болып саналады. 

Шолушы: Назерке МҰСА

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар