Бетіндегі ісіктің салдарынан тыныс алуы қиындаған баланың өмірі түбегейлі өзгерді

/uploads/thumbnail/20170710080916331_small.jpg

Филиппиндік Джонни Ламеон бетіндегі ісікпен дүниеге келген. Ол бассүйек-ми жарығы болып шықты. Оны энцефалоцел деп те атайды. Аталмыш ауру туа біткен болса мидың құрылымы бас сүйегінің шегінен тыс шығады.

Әдетте энцефалоцел ауруына шалдыққандарға туа салысымен операция жасалынады. Алайда Джеммидің отбасы кедей болғандықтан қымбат операцияны қалталары көтермеді. Соның нәтижесінде бала мұрнындағы ісікпен 7 жыл бойы өмір сүріп келді.

Тамақ ішкенда бала ісікті қолмен ұстап тұруына тура келді. Уақыт өте келе Джонни мүлде көрмейтін дәрежеге жетті. Джоннидің басындағы жағдай туралы қайырымдылық ұйымы естіп, қол ұшын беруге бекінді.

Қайырымдылық ұйымы баланы Аустралияға ұшып келуін қамтамасыз етті. Тәжірибелі хирургтар балаға ота жасады. Сегіз сағатқа созылған операциядан кейін баланың бет әлпеті қатты өзгерген.

Джоннидің қабырғасының сүйек фрагментінің көмегімен мұрнын қалпына келтірді. Дәрігерлер тек баланың бір көзінің көру қабілетін қайтара алмады. Ісік үнемі көзге түсіп тұрғандықтан оны қайта қалпына келтіру мүмкін емес болып шықты.

Қазір Джонни өзін бақытты сезінетінін айтады. Көп жылдар бойы кедергі келтірген ісіктен құтылғаннан кейін қуаныштан секіріп, ойнағысы келетінін айтады.

Баланың ат-анасы да бақыттан көздеріне жас алғанын айтады. Жеті жылда Джонниге көмек қолын созатын адамдар табылады деген үміт сөніп бара жатқанын айтады. Ал мұндай операция туралы армандамағанын жеткізеді ата-анасы. 

Дайындған: Сабина Рамазан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар