Ресей халал туризмін қалай дамытып жатыр?

/uploads/thumbnail/20170710080942863_small.jpg

Ресейде халал туризмі қарқынды даму процесін бастан кешіруде. Жыл сайын Ресей мұсылман туристерді көптеп қабылдап жатыр деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі ТАСС-қа сілтеме беріп. Алайда  KazanSummit 2017 форумында сарапшылар елдің әлі де мұндай туристік тауарларды өндірудің алғашқы сатысын бастан өткеріп жатқандығын айтқан.

«Жыл сайын Ресейге келетін мұсылман турситердің саны өсіп жатыр. Негізінен алғанда мұндай туристердің талаптары өте көп. Онымен қоса олар тауардың халал екенін дәлелдеуді талап етеді. Қазіргі таңда, өкінішке орай тауарлардың қайда өндірілгені, қалай өндірілгені туралы мәліметтерді туристерге ұсыну мәселесі проблематикалық болып отыр. Осыған қарамастан халал туризмге деген сұраным күннен-күнге өсуде»-дейді Ростуризм жетекшісінің орынбасары Николай Королев.

Әлемде ислам дінін 142 елде 2 млрд адам ұстанады. Ресейге жыл сайын қанша мұсылман туристері келетіні туралы нақты мәлімет жоқ. Десек те, Ресейге қазірдің өзінде қытайлық мұсылмандар да көптеп келуде.

Мәскеу мен Петербордан басқа мұсылман туристері Татарстанға да баруға асығады екен. Мәскеу мен Қазанда мұсылман туристерге арналған толық қамтамасыз етілген инфраструктуралар бар. Ал Петерборда мүлдем жоқ екен.

Халал туристерге қонақ үй мәслесіне байланысты қойылатын біраз талаптар бар. Оның ішіне намаз оқуға арналған арнайы бөлме кіреді. Бөлмеде Құран кітабының болуы да міндетті. Намаз кестесі, егер ораза кезі болса ауыз ашарда қызмет көрсететін қызметкерлер болуы да шарт. Осыған байланысты мұндай талаптарға жауап беретін қонақүйлер тек Қазанда ғана бар екен.

Сарапшылардың айтуы бойынша әуежайға қойылатын да арнайы талаптар бар. Мұсылман туристеріне арналған тур ұйымдастыру үшін стандарттарға сай болу үлкен жұмысты қажет етеді. Десе де, Ресей қазірдің өзінде осы талаптарға сәйкес мұсылман туристерін қабылдауын туризмнің жаңа даму бағыты ретінде қабылдап, оның дамуына барын салып отырғанын анық байқауға болады.

 

Аударған: Назерке МҰСА

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар