Швед жиһанкезі Қазақстанды түйемен аралап жүр

/uploads/thumbnail/20170710080951894_small.jpg

43 жастағы Швеция азаматы Атырау арқылы Каспий теңізін көру үшін түйемен мініп жолға шыққан, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Мой Город басылымының мәліметіне сүйеніп.

 Жиһанкез Каспийден соң  Астанаға ат басын тіремекші. Жүрген жолының барлығында саяхатшы жанына қос өркешті түйені серік еткені мәлім болып отыр.

Кристиан Бодегрен есімді швед азаматы төрт түліктің бірін мініп Қазақстанды аралап жүргеніне 8 ай болыпты.  Осы уақыта дейін қазақ жеріндегі төрт климатпен танысып үлгерген. Қызыққа толы сапарын саяхатшы Алматы облысы Лепсі ауданынан бастаған.

«Көшпелілердің күйін бастан өткеріп, Жібек жолымен жүріп өттім. Енді Каспий теңізін көрсем деген жоспарым бар. Бұрындары қазақ халқының қонақжайлығы жайында аздап хабардар едім. Осы сапарымның барысында қазақстандықтардың қонақжай халық екеніне көзім жетті. Мен осылай әр елге саяхат жасап , басымнан өткізген оқиғалар мен алған әсеріммен көпшілікпен бөлісемін. Қазақстаннан алған әсеріммен өзгелермен бөлісуге асықпын», деп мәлімдеді Кристиан.

Жібек жолына сапарға шықпас бұрын Сахара мен Моңғолияға болғанын да айтып өтті.

Кристиан Каспий теңізін көргенннен кейін Елордаға сапарға шығуды жоспарлап отыр. Бірақ Астанаға қос өркешті жануармен емес көлікпен бармақ. 7 шілдеде Бодегрен Астанадағы Art Fest фестиваліне қатысады. Фестивальде көшпенділердің өмірі жайлы өзінің фильмін  көрсетуді жоспарлап отыр. 

Шолушы: Айгерім Таубай

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар