Әлемдегі алғаш рет бір анадан туылған алты егіз қыздың қазіргі жағдайы

/uploads/thumbnail/20170710081113427_small.jpg

1983 жылдың 18 қарашасында Уолтон отбасы әлемге әйгілі болды.Грэхомның  әйелі  Джанет  бірден алты қызды дүниеге әкелген. Грэхомның қыздары әлемдегі ең бірінші алты  егіз қыздар болған деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

Қазіргі уақытта қыздардың туылғанына 30 жыл болады. Ерлі-зайыптылар бұрынғы өмірлеріне көз жүгіртсе, күлкілері келеді. Себебі олар балалар үйінен бала асырап алмақ болған. 

Бұл қыздар Құдайдың берген сыйы деп ойлайды Джанет. Алты апта бойы қыздар нәрестелерге арналған терапия бөлімінде жатқан, сосын ғана ерле-зайыптылар қыздарын үйге шығарып алыпты.

Джанет  қыздарды өсіруге барын салған, ал Грэхмен қыздардың қасында болу үшін бір жыл демалыс алған.

 30  жылдың ішінде алты қыздың біреуі анасы мен әкесіне  немере сыйлаған. Кішкентай сәби өте нәзік. Сәбидің салмағы 3,3 келі және бұған әжесі таң қалып отыр. Себебі қыздарының салмақтары ауырлау болған екен.

Джанеттің қызы немересі ұйықтамай қойды дегенде, Джанет күліп қояды. Ерлі- зайыптылар екі жыл бойы   күніне жарты сағат қана ұйықтаған. Жақында ерлі-зайыптылар қанша жаялық кеткенін есептеген. Туылған  жылы он бір мың жаялық сатып алған. Грэхомның үйлері кір жуатын ұнтақ пен сәбиге арналған ұнтақтың иісі шығып тұрғанын күліп есіне алады.

Барлығының назары Джонеттің немересінде және оның ата-анасы ғана емес әжесі мен атасымен қоса бес әпкесі бар. Джанет пен Грэхом қалған бес қыздарынан да немере сүйгісі келеді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар