Алматы облысы Талғар ауданында Қызыл Қайрат ауылындағы балабақшалардың бірінде бомба бар деп хабарланған. Осыған орай балалар мен балабақша қызметкерлері қауіпсіз жерге көшірілген деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта оқиға орнына ТЖ қызметкерлері келді. Алматы облысының ІІД-де белгісіз біреудің бомба туралы хабарлағаны расталды.
Талғар ауданы әкімінің орынбасары Дарменияр Алғатбеков маңайдағы мектеп пен балабақша қызметкерлері мен оқушылар қауіпсіз жерге орналастырылғандығын мәлімдеді.
Шолушы: Назерке МҰСА
Пікір қалдыру