Аяғын сындырған еркек төрт күн бойы жер бауырлап көмек іздеген деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі РИА Новости-ға сілтеме жасап.
АҚШ-тың Огайо штатының төтенше қызмет көрсету қызметкерлеріне аяғы сынған ер адамды құтқару мүмкін болды.
Джеральд Маскевич 18 мамыр күні жарақаттанған, аяғын, қолын сындырған. 22 мамырға дейін жәрдем көмегін ала алмаған. Ол өзінің төрт күн бойы көмек іздеп жер бауырлап жүргендігін жеткізген.
Қазіргі уақытта Маскевич ауруханада жатыр. Құтқару қызметінде ер адамның тірі қалғаны таңқаларлық жағдай екенін атап өткен.
Шолушы: Назерке МҰСА
Пікір қалдыру