Алматылық дәрігерлер өкпеге заманауи операция жасаудың тың әдісін меңгерді

/uploads/thumbnail/20170710081628166_small.jpg

Алматылық дәрігерлер заманауи операция жасаудың тың әдісін меңгерді, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Бүгінге дейін өкпенің бір бөлігін алып тастау операциясы ескі тәсілмен, яғни кеудені кесіп, ашу арқылы жасалып келген болатын. Енді олар эндоскопия құрылғысының көмегімен бар болғаны үш сантиметрге кесілген асқазан арқылы өкпенің бір бөлігін жылдам алып тастайды.

 Жаңа әдістің бірнеше артықшылығы бар. Атап айтсақ, операция жеңіл жасалады. Әрі науқас екі аптаның ішінде емін-еркін жүріп-тұра алады.

Айта кетейік, мұндай технология Оңтүстік Корея, Қытай, АҚШ және Еуропа елдерінде қолданылады. 

Құлахмет Ерімбетов, «Туберкулез мәселелері ұлттық орталығы» өкпе-хирургия бөлімінің жетекшісі: - Айырмашылығы, ауруды аз сезеді. Операциядан кейін ауруханада жататын уақыты қысқарады: 12-14 күнде адам өзін жақсы сезінеді.
 

Шолушы:  Айгерім ТАУБАЙ

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар