ЛАТЫН ӘЛІППЕСІНЕ ӨТУ. ТАРИХЫ. ПАЙДАСЫ. ЗИЯНЫ.

/uploads/thumbnail/20170710081605837_small.jpg

 

        Ең жоғарғы сана иесі Ұлы Жаратушы-Алла, Алладан кейінгісі Адам. Алланың адамға берген ең ұлы сыйы санамыздың арқасында Адам Атамыздың қарашаңырағының иелері қазақтар жер бетінде алғаш рет  Руларға (Аталарға) таңба белгілеуді, санауды, Руна (Ру Ана) және Сына жазуларын дүниеге әкелді. Аспандағы күнге Күн, айға Ай, жерге Жер, жымыңдаған жұлдыздарға Жұлдыз, таң жұлдызына Шолпан, бір орнынан қозғалмай адасқан жандарға бағыт-бағдар сілтейтін жұлдызға Темір Қазық (Қазақ) т.т. деп ат қойды. Ұранға Алашты шығарды, таңбаға «Күн» мен «Айды», «Садақ тартып тұрған салт атты» мен «Шаңырақты», «Тіл» мен «Жебені» алды. Тауын Ақтау, Қаратау, Алатау, Қазығұрт (Қазық жұрт), Тәңір, Алтай, Қапқаз, Мұңалжар, Алып (Альпі), Шыңғыс, Әбілқайыр; суын Азау, Қас би, Арал, Балқаш, Байкал, Балтық т.т. деп атады.

 

      «Алаш – Алаш болғанда, 

      Ала тай ат болғанда. 

      Таңбасыз тай, 

       Енсіз қой болғанда, 

       Алаш хан болғанда...» дейтін сөздер Алаш жайындағы аңыздың меншікті мүлкі қалыптаспаған (тайға таңба баспайтын, қойға ен салмайтын) заманнан келе жатқанын аңғартады». (Қазақтың көне тарихы. 27 бет). Алаш – Қазақтың ұраны. Ұранға шығу үшін елің болуға тиіс. Қазақ Алашты ұранға шығарып отыр. Демек, Қазақтың тегі Алаштан да, Алты Алаштан да көп әрі де жатыр.

 

        Тағы бір көне жырда:

        «Алшын, Алшын болғалы

        Әлім еді ағасы,

         Шолпан еді анасы» деп жырлайды Ата шежіреміз. Шолпан жұлдызының екінші атауы таң жұлдызы. Шолпан анамызда, таң мезгілінде ғана көрінетін Шолпан жұлдызы да бастау текті білдіреді. Қазақтың қыз-келіндері тағатын әшекейлерінің «Шолпы» деп аталатынының сыры осы. Демек, ең алғаш «шолпы» таққандар солар, яғни «авторлық» құқық Шолпан анамыздікі.

 

        «Маңғыстау Машайықтың жатқан жері,

        Ағарып аппақ таңның атқан жері.

        ...Маңғыстау Машайықтың жатқан жері

        Ашылған абыройын жапқан жері.

        Жер жүзін жел маямен жеті айналып,

        Ауғанға Асан бидің асқан жері» (Түмен Балтабасұлы (1884-1957) «Маңғыстау»). Қазақ Машайық деп, Әулие-пірлерді айтады.  «Ағарып аппақ таңның атқан жері» - Адамзат мәдениетінің бастау алған жері. «Ашылған абыройын жапқан жері» - Ұят дегеннің не екеніне саналары жетіп, алды-артын жапырақпен, терімен, киіммен жапқан жері. «Жер жүзін жел маямен жеті айналу» - Жер бетінде қазақ мәдениетінің тарамаған жері жоқ деп отыр.

 

       «Мен Адайдың Ақтаны,

       Сөйлеген сөзім тақталы

       Сөйле» десең жыршыңыз

       Алдарыңда жортақтар.

       Туған айға ат берген,

       Ақ қағаз бен хат берген

       Екі ерін мен тіл-таңдай

       Сөйлесін деп жақ берген.

       Айтқан сөзге түсінбес

       Адамның мисыз ақымағы» (Ақтан Керейұлы (1850-1912) Жыр-дария «Маңғыстаудың ақын жыраулары» Ақтау-1995. 159 бет). Атамыз аспандағы Айға «Ай» деп ат қойғандар, Ақ қағаз бен хатты ойлап тауып, алғашқы  хат жазғандар және ең алғашқы тілі шығып сөйлегендер  біздің аталарымыз, яғни бұл ұғымдардың бәрінің «аптырлық» құқығы Қазақ халқында жатыр деп отыр. Мұндай мысалдарды ежелгі шежіре-дастандарымыздан көптеп келтіруге болады. Демек, бүткіл жер бетіндегі жер, су, тау, елді мекендер мен ұлт атауларының қазақ рулары атауымен сәйкес келуі де бекерден-бекер емес. Осыған сәйкес, Біз қолданып жүрген атаулар, дыбыстық таңбалар мен сандардың бәрі осы атауларды ойлап тауып, дүниеге әкелген ұлы аталарымыздың есімі.

 

      Ежелгі Қазақ Алып биінде (Әліппе) осы қағида толық сақталған. Сол үшінде кейде біздер, санның орнына 1-А, 2-Ә, 3-Б, 4-Г, 5-Ғ, 6-Д, 7-Е, 8-Ж, 9-З, 10-И, 11-Й, 12-К, 13-Қ, 14-Л, 15-М, 16-Н, 17-Ң, 18-О, 19-Ө, 20-П, 21-Р, 22-С, 23-Т, 24-Ү, 25-Ұ, 26-У, 27-Һ, 28-Ш, 29-Ы, 30-І  деген дыбыс таңбаларын қолданамыз.  Адамзаттың жетпіс мың жыл ғұмырындағы ең алғашқы әлемдік ұлы держава Қазақ қағандығының  қолданған дыбыстық 30 таңбаcы осы. Бұл 30 таңба әлем тарихындағы адамдардың, елдердің, мемлекеттердің, қағанаттардың дүниеге келу рет санымен толықтай сәйкес жасалған. Біз сол әліпби әлемінде өмір сүріп келеміз. Әліпби – халықаралық жағдайда түрлі мемлекеттердің, ұлттардың мәдени қарым-қатынасын жүзеге асыратын және олардың шыққан тегін анықтайтын құрал.

         Кітапханаға бара қалсаңыз қажет әдебиеттер тізімі әліпби қатарымен реттеліп, жиналады. Бұл келушілер мен кітапхана қызметкерлері үшін де өте ыңғайлы. Әліпби тізбегімен медициналық карталар жинақталады. Науқастың ауру тарихы жайлы хабар оның Ата тегінің алғашқы әрпі бойынша тізімге ілінеді. Атлас (карта), анықтама, телефон кітапшалары, күнделік, қала, аймақ аттары түгелдей әліппе тізбегіне бағынады. Тіпті, ұялы телефонымыздағы адамдардың аты-жөніне  дейін әліппе қатарымен тізіледі.

          Әлемнің барлық елінде, сондай-ақ өзіміздің мемлекеттік мекемелерге тиісті базалардағы ақпарат осы заңдылық негізінде сақталады, анықталады. Демек, әріптер Әліпби қатарымен де,  Адамзаттың Ата тек шежіресіне де сай болуға тиіс.

        Егер Біз осы таңбалардың орнындарын ауыстырып,  таңбаларды 30-дан аз, немесе көп ететін болсақ, жаңа енгізген Әліппе бізді Қазақи болмысымыздан, Ата тарихымыздан ажыратып жат елдің мүддесіне қызмет жасайтын болады. Сондықтан, жоғарыда көрсетілген әрбір таңбаның сырын, бүкіл қазақ баласына Ата шежіремізбен  салыстырып зерттеуді ұсынамын!   

 

       Қазақтың дыбыстық таңбалары: 1.А,Ә,Е,   2.Б,П,  3.Г,Ғ,К,Қ,   4.Д,Т,   6.Ж,З,   7.И,Й,Ы,І,  8.Л, 9.М,   10.Н,Ң,   11.О,Ө,    12.Р, 13.С,Ш,    14.Ү,Ұ,У,  15.Һ.  болып, 15 топқа бөлінген. Әр топтың бірінші әрібі бастауы, қалғандары сол топтың толысқан жалғасы. Қазақ Алып биінің кереметі, барлық таңбалар мен буындар осылай 15/15 болып белгілі бір математикалық жүйеге, яғни Адам Атамыздың шежірелік жүйесіне сай орналастырылған.

 

      Қазақ Әліппесінде  толып, толысқанды білдіретін 9 дауысты дыбыс бар:  1.а, 2.ә, 3.е, 4.о, 5.ө, 6.ү, 7.ұ, 8.ы, 9.і. Дауысты дыбыстар Аталық текті білдірсе, жіңішке дауысты дыбыстар әйел мен баланы білдіреді. Адамзат болмысының барлығы осылай табиғатпен тұтастықта жаратылған. 

 

      Ежелгі қазақтар да, солардың ізін жалғастырған Алаш арыстары да Алып биді (Әліппені) осылай жасаған. Алаш арысы Ахмет Байтұрсынов атамыздың  басшылығымен жасалған соңғы Әліппеміз де осы қағидаға сай болған.  

 

       Кірме әріптер:   в, ё, ф, х, ц, ч, щ, ъ, ь, э, ю, я барлығы 12 әріп. Тәжрибе көрсеткендей, бұл таңбаларды іс жүзінде қолданыста болмады десе де болады. Бірлі-жарлы қолданысқа енгендері тіліміздің шұбарланып, бұзылуына ықпал етті. Демек, таңбамызға реформа қажет.

 

        Жалпы әліппе әріптері төмендегідей жолдармен дүниеге келеді.

        Біріншісі, Ұлы Жаратушы – Алланың жаратқан саналы тіршілік иелері Адам Ата мен Ауа Ана ұрпақтары (Ад қауымы)  арасында табиғи жолмен келуі. Бұл топқа бірін-бірі Адам және тілдерін Ана тілі деп атайтындар арасында, Рулық таңбалардың негізінде дүниеге келген Руна (Ру Ана) және Сына жазбалары жатады.

       Екіншісіне, Ад қауымының өсіп, өніп, көбейіп, ұлтқа (мемлекетке) айналған ұрпақтарының арасында алдыңғы Ана тілді негізге алып, жаңадан туындаған әліпбилер тобы жатады.

      Үшіншісі, жаулаушы елдердің зорлықпен енгізген Әліппесі.

      Төртіншісіне, тәуелсіздік алғаннан кейінгі ұлттық негізде Әліппенің қайта жаңғыртылуы жатады. Демек, Біз Елбасымыз айтқандай, Әліппемізді шын ниетімізбен ұлттық тұрғыдан жаңғыртатын болсақ, бізге бұл мәселе де «Жеті өлшеп, бір пішу» тәсілін қолданғанымыз жөн болады.

 

       Қазақтың-әріп таңбаларының рет саны Адамзат баласы мен олар құрған қағанаттардың (империялардың) дүниеге келу, есею және әлем елдері тарихының қалыптасу кезеңін көрсетеді. Бір, екі, үш; А,Ә,Б; Ата, Әке, Бала, т.т. болып  сан мен әріп шежіре-тарихқа сай қатар өріледі.

       Дәлел ме? Тыңдап көріңіз?

 

  1. А – дыбысы Алып бидің де (Әліппе), сонымен бірге барлық дүниенің де бастауы.

Бір санының дыбыстық-таңба  атауы «А» - негізгі мағынасы Ата мен Ана.

Қолдану аясын саралар болсақ:  1.Аб (Аба, Абыл мен Қабыл), 2.Ағ (Аға), 3.Ад (Ада, Адай,

Адам), 4.Аж (Ажа, Абысын-Ажын), 5.Аз (Ази, Азия, Аза, Қаза, Қазақ, Қазақия), 6.Ақ (Ақиқат, Аққа - Құдай жақ), 7.Ал (Алла),  8. Ам (Аман) 9.Ан (Ана, Сана), 10.Ап (Апа), 11.Ар (Ара), 12.Ас (Аса жоғары), 13.Ат (Ата, Атай, Атам), 14.Ау (Ауа, Ауа Ана), 15.Аш (Аша, Алаш, Алты Алаш, Алаша). Барлығы 15 түбір сөз. 30 таңбаның тең жартысы.

       «А» таңбасы атына сай жасалған. Ер мен әйелдің басы қосылып, бел жағы бірігіп тұр. Зер салып қараған адамға Ер адамның жіңішке, әйел адамның жуан болып белгіленуінен, әйелдердің  дүниеге ұрпақ әкелетінінің де меңзеліп тұрғанын байқар едік.

      

  1. Екі санының дыбыстық атауы «Ә» - Әже мен Әке. Демек, ежелгі қазақ хандары мен

қағандарының бастарына киіп жүрген «Тәжі» әжемізге, яғни әкелеріміз бен шешелеріміздің аналарына деген құрметтерінің ең озық үлгісі болып тұр. «Әркімнің әкесі өзіне Әз әулие» деген сөз де содан бері жалғасын тауып келеді.

        1.Әб (Әби, Әбес, Әбестік жасама), 2.Әд (Әділ, Әділет), 3.Әж (Әже, Тәж), 4.Әз (Әз әулие, Әзиз), 5.Әй (Әйел, Бәйбіше), 6.Әк (Әке, Әккі, Әкім), 7.Әл (Әлі, Әлді, Әлсіз, Әлем), 8.Әм (Әмеңгер, Әмбебап), 9.Ән, 10.Әң, 11.Әп, 12. Әр, 13.Әс, 14.Әт, 15.Әу (Әуе, Әу демейтін қазақ жоқ). 15/15 болып тұр.       

        Төртінші санатта тұрған Әз әулиеміз бүгінгі Қазақ атанған елдің түп атасы болады. Әз әулиенің де моласы Маңғыстауда, Ман Атаға жақын маңда.

        Ежелде, Каспий – Әбескүн теңізі деп аталған. «Авестаның да» тегі де осы. Әбестік жасама деген сөз.

       

  1. Үш санының дыбыстық атауы «Б» - Бала. Ал, ала, бал, бала деген біріккен сөздерден

тұрады. «Б» дыбысынан қарабала,  балапан, Балтық, Баласағұн, Балық,  Балықшы т.т. ұғымдар дүниеге келген. «А» - Ата, «Ә» - әке, «Б» - бала делініп Әліппенің үшінші дыбыс таңбасын береді.

         Мысалы, «Б» дыбысынан басталатын «бұлт» деген сөзді алайық. Бұлт – өздеріңіз көріп отырғандай сөз түбірі ұлт. Бұлт аспанда, ұлт жерде. Жер бетіндегі ұлттар да, тура аспандағы бұлт сияқты дүниеге келіп, жел айдаған кезде жөңкіле көшіп, біресе ыдырап, біресе қайта қосылып, немесе жойылып та жатады. Бұлттың құрамы бу, қозғаушы күші жел. Ұлттың құрамы адам, қозғаушы күші ел (ру). Демек, екеуі қатар өріліп тұр.

       1.Ба (бала), 2.Бә (бәйге,бәйбіше), 3.Бе (Бек, бел, бер, безбен), 4.Би (билік), 5.Бо (боз, боздақ, Бозашы), 6.Бө (бөрі), 7.Бү (бүгін, бүтін), 8,Бұ (Бұз, Бұзау, бұзылу (бұзылу осы сегізден басталады), бұрын), 9.Бу (буаз, буда, бура), 10.Бы (быж), 11.Бі (біл, білім).

       1.Баб (Баба, Ата-баба, Сайранда бар сансыз бап), 2.Бағ (баға, баған), 3.Бад (бадан), 4.Баж (баж салығы, бажа), 5.Баз (базар), 6.Бай (Он екі Ата Байұлы), 7.Бақ (Бақан, Бақыт), 8.Бал (Бала, Балапан) 9.Бан, 10.Бап (Арыстанбап), 11.Бар, 12.Бас, 13.Бат (Батыр), 14.Бау (Бау бақша), 15. Баш (Башақ). 30 таңбаның 15/15-ін құрайды.

      Бір, екі, үш – Ата, Әке, бала. Мұны кімде-кім кездейсоқ сәйкестік деп ойлайтын болса қатты қателеседі. Егер біз осыдан латын әрібіне өтіп, онда «Ә» таңбасы болмайтын болса, бұл қазақ балаларының некесіз, яғни әкелерінің кім екенін білмей дүниеге келген дегенін білдіретін болады.

     Кейбір Латын әліпбиінің нұсқаларындай «А» мен «Ә»-ні бір таңбамен белгілеу де дұрыс болмайды. Ата мен Әкенің бір емес, екі буын ұрпақ екендігіне қандай дау бар.

     Біз өтеміз деп отырған Әліппемізде осы қағида міндетті түрде сақталуға тиіс. Әйтпесе, Адам Атаны жаратқан Ұлы Жаратушы – Алла емес, біз маймылдан жаралдық, атамыз айуан деп мойындаған болып шығамыз.

 

       4. «Г» - Гүл – үлбіреген қыз бен бозбала. Гүл – Гу (Қу) мен Ұл деген екі біріккен сөздер тұрады.

        Г-ден басталатын сөздер: 1.Га (Га-Га, Газ), 2.Гә (Гәп, Гәкку), 3.Гө (Гөй-Гөй, Гөрі), 4.Гү (Гүл, Гүж-Гүж, Гүрс-Гүрс, Гүріл), 5.Гу (Гуле, Гулеген жел, Гу-Гу әңгіме)). Демек,  5 деген баға «Гу-Гу әңгімеге» беріліп тұр. Бірінші буында осы бесеуінен басқа сөз жасалмайды. Адамзаттың даму, есею кезеңін білдіріп тұр.  

 

  1. «Ғ» - Аға.  1.Ға (Аға, Ғажап, Ғалам, Ғалым, Ғарыш, Ғасыр, Ғашық), 2.Ғи (Ғибрат), 3.Ғо (Ғой),

4.Ғұ (Ғұмыр, Ғұлама), 5.Ғы (Ғылым). Осы бес түбірден басқа сөз жасалмайды.

      Сонда бес деген баға Он сегіз мың ғаламның құпия ғылымдарын меңгерген бесінші Аға буын ұрпақ Ақпандарға беріліп тұр.

 

  1. «Д» - Ад қауымы. Дана мен данышпан, яғни бүкіл адам баласына Ада (Ата) болған осы

қауым. Адам Ата қауымы мен Алты Алашымыздың бастауы осылар.

       1.Да (Дай, Дақ, Дала, Дау), 2.Дә (Дәйек, Дәм, Дәрі-дәрмек), 3.Де (Деген, Дене, Дерек), 4.Ди (Дияр, Дидар, Диқан), 5. До (Добал, Дода), 6. До (Дозақ, Дойбы), 7.До (Доп, Домалақ, Долана, Домбыра),  8.Дө. (Дөнен, Дөкір, Дөрекі), Дөң, 9.Ду (Дулыға, Думан), 10. Дұ (Дұға, Дұрыс), 11.Дү (Дүп-түзу, Дүние, Дүлей, Дүкен), 12. Ды (Дыбыс, Дыбыр), 13.Ді (Дігір, Дік, Дін, Діл, Діт). Он үш түбір сөз жасақталып тұр. Ад қауымы осы ұғымдардың бәрінің атасы, яғни бүгінгі тілмен айтқанда «аптыры».

        Өздеріңіз көріп отырғандай, жеті (алғашқы жеті буын ұрпақ) айналасы теп-тегіс, доп-домалақ болса, сегіз дөнен шығып, дөкірленіп, айналасының бәріне дөрекілік танытып тұр.

       Демек, «Д» таңбасының алтыншы болып орналасуы бекерден-бекер емес. Алты Алашымыздың бастауы осы Ад қауымы болып тұр.

       Таңба толықтай атына сай жасалған. Біріне бірі жалғанған алты сызықтан тұрады.  Мұны кімде-кім кездейсоқ сәйкестік деп ойлайтын болса қатты қателеседі. Алаш арыстарының жасаған жазуы мен сызуы, нүктесі мен үтірі бәрі-бәрі шежіреге сай жасалған.

 

  1. «Е»  – дыбысы Ер, Еркек, Әке деген мағына береді. Біз оны «ер-азамат» деген сөз

тіркестерінен айқын көре аламыз. «Е» таңбасынан басталатын 1.Ед, 2.Еб, 3.Ез, 4.Ей, 5.Ек, 6.Ел, 7.Ем, 8.Ен, 9.Ең, 10.Еп, 11.Ер, 12.Ес, 13.Ет, 14.Еу, 15.Еш. Барлығы 15 түбір. Ары қарай жем, сем, кем,  ерен ерлік, ереже, ер-жүген, еру, ерулік, ерік, Ер Қосай, Ер Тарғын, Ер Шабай, Ер Жанақ, Ерман, Ерлан, Ерсайын т.т. осы айтқанымыздың айдай айғағы болмақ. Енді осылардың үстіне жердің түбірі Ер, аспандағы жердің серігі Ай, жер де ердің серігі әйел екенін қосып қойсаңыз тіптен де жаңылыспайсыз. Қасиетті жеті саны туыстығы бөлінбейтін тек қана Ер-азаматқа байланысты.

       «Е»-ге «А (Ата)» жалғанып сөз жасалмайды. Себебі жетінші буындағы ұрпағы Атасының алдына шыға алмайды.

       Алаш Әліппесінің шежіреге сай жасалғаны соншалық, жетінші буын Бұзау-Жеменейлер адамдардың дертіне дауа болып, емхана ашып, ем жасап, емші атанып, емендей мықты мемлекеттер құрса, сегізінші буында семиттер Ата жұрттан енші алып бөлек шығып тұр.

       «Ер» атына заты сай жетінші буын ұрпақ. Яғни 1.Ата, 2.әке, 3.бала, 4.немере, 5.шөбере, 6.Шөпшек, 7.Немене. Немененің түбірі «емен» болып, Жеменеймен түбірлес болатыны осыдан. Тауратта 500 рет айтылатын қасиетті 7-нің сыры осы.      

       Таңба толықтай атына сай жасалған. Біріне бірі жалғанған 7 сызықтан тұрады.  

 

      8. Ж – қасиетті жеті саны, яғни туыстығы бөлінбейтін  Бұзау-Жеменейдің есімін береді. 1.Жа (Жаб, жабу, жап (канал), Жаптың басы (Жаппас), Жары, Жапон), 2.Жә (Жәм), 3.Же (Жем, Жер), 4.Жи (жина, жиырма), 5.Жо (жол), 6.Жө (жөн), 7.Жү (жүр, жүрек), 8.Жұ (жұт), 9.Жу (жуан, Жуды (Қазығұрт тауының ежелгі атауы), 10.Жы (жыл, жылдам, жыр). Барлығы он түбір сөз.

      1.Жаб, 2.Жағ (Жаға), 3.Жад, 4.Жаз, 5.Жай, 6.Жақ, 7.Жал, 8.Жам, 9.Жан, 10.Жаң, 11.Жап, 12.Жар, 13.Жас, 14.Жат, 15.Жау. 30-ға 15/15 болып тұр.  Жердің де түбірі ер болып, Ж-дан басталатыны осыдан.

       «Ж» дыбысының сандық атауы сегіз осы жетіден бөлінеді. Алтыншы болып тұрған «Жақ» деген сөзімізде  Қазақтың «Жаңылмайтын Жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» және соңғы Жат пен Жауда адамзаттың тарихи шежіресінің ақиқаты жатыр. Бөлінудің соңы жаулыққа айналып тұр. Батыстықтардың ауыздарынан тастамайтын «Секс» деген сөзінің сегіз саны атауымен түбірлес болатыны осыдан. Бұл қазақ баласын нәпсісіне ие бола алмайтын матриархатқа апаратын тіке жол.

       «Ж» таңбасы «бөліну» деген атына сай бірінің үстіне бірі қойылған екі бірдей «Тіл таңбаның», «Жебелі садақтың» бейнесін береді және ол сегіз сызықтан жасалған. Бұл таңба бізге қарашаңырақта қалғаны да, бөлінгені де Дарвин айтқандай маймылдан емес, бәрібір осы Жеті аталық жүйеден тарайды дегенді білдіріп тұр.

 

        9. «З» - Аз (Қаз, бүгінгі атауы Қазақ). Жер бетіндегі ең ұлы құрылықтың Азия деп аталатыны осыдан. Қазақияның түбірі Азия болатыны да осыдан. «3» таңбасының тоғызыншы орынды иемденіп, үш еселенген Қосай атамыздың қауымы атауын беретіні де осыдан. Бір нәрсені есімізде мықтап сақтағыларымыз келсе 3 рет қайталайтындарымызда осыдан. 3 саны мен З таңбасының ұқсас болатыны да осыдан. Ұқсас деген сөздің түбірі Нұқ атамыздың есімі түбірімен ұқсас болатыны да осыдан. Осы «З» дыбысынан туындайтын Заң, закон деген ұғымдардың Нұқ пайғамбар кемесінде толық орнағанында айқын бағамдауға болар. А-1, З-9, яғни 1 мен 9 қазақтың сөз түбірі Аз (Азия (әлемдегі халқы көп ең үлкен құрылық), Қазақия) елі атауын құрайды. 9 санының толып, толысқанда білдіретіні де осыдан.

      1.За (Зағип), 2.Зә (Зәңгі), 3.Зе, 4.Зи, 5.Зо (Зор), 6.Зу (зу етті, зуыл), 7.Зұ (Зұлпыхар (қылыш)), 8.Зы (Зымиян, Зындан), 9.Зі (Зікір, Зіл). Бірінші буында осы тоғыздан басқа сөз жасалмайды. Бір-соқырдан басталып, Зікірмен аяқталып тұр.

      1.Заб (забыр (бұлақ көзі, Забур жырлары), 2.Зағ (зағип, Зағира), 3.Зад (зада), 4.Зай (зайып, зайыр), 5.Зак (Закария пайғамбар), 6.Зақ (зақым, жарақат), 7.Зал (зала, зілзала), 8.Зам (заман, Заман ақыр (Ақырзаман), 9.Заң (заңгер), 10.Зап (запы болу), 11.Зар (зарар, зар заман), 12.Зат (адамзат), 13. Зау (заузат). Бір – бұлақ көзінен басталып, Он екіден кейін адамзат заузатына зауал келіп тұр. Міне Біз қазір  сол зауал шақты (Аталық тектен безіп, матриархатқа апаратын гендерлік саясаттың жемісін) бастан өткізіп жатырмыз.

       Осы тоғызыншы «З» дыбысына қатысты аса көңіл аударатын жағдай, соңғы кездері «Қаз» деген ел есіміміз латын таңбасымен «KZ» болып белгіленіп жүр. Бұл қазақтың өткеніне жасалған аса ауыр қиянат. Себебі,  Қаз дегенімізде Қ мен З-ның ортасына «А (Ата)» деген таңбаны салмай кетсек, бұл біздің Адам Атамыздың қарашаңырағын сақтай алмай, мәңгүртке айналып кеттік дегенді білдіреді.

       Мысал үшін алар болсақ, Арап, Ағылшын, Армения, Азербайжан т.т. сол бастауды өз елдерінің аттарында сақтап отыр. Ал, Біздің латыншыл «білгіштер» ел атын толық күйінде «Қаз» деп атаудан да қашып жүр.

      Қазақтың сөз жасау жүйесінде ең бірінші болып кез-келген таңбаға әр таңбаның шығу тегіне қарай барлық таңбалар, содан кейін сол таңбаға «А (Ата)» таңбасы жалғанып барып сөз жасалады. Және бұл қағида да Адам-Адам болғалы бергі барлық шежіре-тарих осы бір ғана дыбыстық таңбамен, бір буынмен, бір ауыз сөзбен шыққан тегін дәлме-дәл көрсетіп отырады.

       Бізді дүниеге әкеліп, біз үшін жандарын шүберекке түйіп жүріп хандықтар мен ұлы қағандықтар (империялар) құрған, бізге мына ұлан байтақ алып Қазақстанның Ұлы даласын қалдырып кеткен Ұлы Аталарымыздың аруағы үшін барлық қазақ баласына осы мен келтірген деректерді зерттеп, зерделеуді ұсынамын!

 

  1. «И» – Адам Атаның қарашаңырағы Мұңалдар, яғни  «Мұңал ошақ» деген сөз.

       Мына дыбыстың кереметі «И»-ден басталып, оған «А (Ата)» дыбысы жалғанып бірде-бір сөз жасалмайды. Себебі, оныншы буындағы баласы Атасының алдына шыға алмайды.

       Тіршілік иелерінің ішінде А-ның алдына И-ны салып,  «Иа, Иа, Иа-а-а-а-а» деп ақыратын жалғыз ғана есек деген жануар бар. Ұлы Аталарымыздың есектен мисыз мақұлық жоқ дейтіндері осыдан. Есектің күші адал болса да, етінің арамға шығарылғанының негізгі сыры осы.

       1.Иә, 2.Иб (Иба), 3.Иг (Игі), 4.Ид (Иді, басын иді), 5.Ие (Әулетке иелік етті), 6.Из (басын изеді), 7. Ик (Икем), 8.Ил (Илеу), 9.Им (имену), 10. Ин (Инабат), 11.Ир (Ирек), 12.Ит (Ителгі), 13.Иш (Ишара), 14.Иы (Иық), 15. Иі (Иілу). 30 дыбыс-таңбаға 15/15 болып тұр.

       Иә (алдындағы 10 буын Аталарды  растайды, мақұлдайды), Иба (олардың алдында иба сақтайды (ізет білдіреді), атадан қалған дүниеге ие болуды  игереді, игілік істерді жасайды, ұрпақтарын иманды болуға тәрбиелейді т.т.

       «И» таңбасы атына сай жасалған, екі бағана, яғни ұл мен қыз, Ата мен Ана сияқты белінен емес, ұлдың аяқ жағы мен қыздың бас жағын жалғап тұр. Және қыз бала екінші болса да, оның дәрежесі ұлдан биік екенін, қазақ қыздарының орны төрде болатынын және адамзат ұрпағының әйелдер арқылы жалғасатынын көрсетіп тұр.

 

  1. «Й» – ұрпағы, баласы (ұлы, қызы), өмірдің жалғасы.    

        Он мен он бірдің дыбыстық таңбасы «И мен Й» айырмасы - біріншісі қарашаңырақ дегенді білдірсе, екіншісі ұрпағы, баласы, (ұлы, қызы), өмірдің жалғасы... Ежелгі ұлы ғұламалардың барлығы дерлік, қазіргі «Ов, ев, ич»-тердің орнына «И,Й» дыбыстарын қолданған.

       «Й» таңбасының да соңына «А (Ата)» жалғанып сөз жасалмайды. Бұл жерде де ұрпағы Атасының алдына шыға алмайды.

       Латын әліпбиінде «И мен Й» дыбыс-таңбаларының болмайтын себебі, олар өз тектерін Атадан (патриархаттан) емес, матриархаттан таратады. Ал, матриархат қоғамында әкенің кім екені белгісіз болады.

 

  1.  «К» - негізгі мағынасы «Әке». Бұл таңбаның осыған сәйкес Кен, Кеншін  (Алшынның інісі), Кең

(кең дала), Күн деген де мағыналары бар. Күн - Қазақтың Қу және Үн деген екі біріккен сөзінен тұрады.

       Мына дыбыстың кереметі қазақ та «К»-ден басталып, оған «А (Ата)» жалғанып бірде-бір сөз жасалмайды. Себебі, әкесі Атасының алдына шыға алмайды.  

      1.Кә (Кәрі), 2.Ке (Кел, Кет, Кері, Керек, Әке),  3.Ки (Киім, Кимешек), 4.Кө (Көк, Көген, Көбе, Көбік, Көз, Көпір, Көш), 5. Кү (Күй, Күйеу, Күл, Күн, Күп), 6. Ку (Куә), 7.Кі (Кідіру, Кісі, Кіші, Кіндік). Жеті Аталық жүйеге сай осы жетеуінен басқа түбір сөз жасалмайды.

      Ежелгі әлемдік ең ұлы держава Қазақ қағанатының өзегін Он екі ата Байұлдары құраған. Олардың қазақтың рулық шежіресінің ең соңында тұрып, қазақтың қарашаңырағы атанып жүргендері осыдан. «К» таңбасының он екінші орынды иемденетіні де осыдан. Осыған сәйкес қазақтың ірі рулық бірлестіктерінің бәрі 12 Атадан құралған.

       Сондықтан, өтеміз деп отырған дыбыстық таңбамыз Атам Қазақтың шежіре-тарихына сай жасалуы керек.

       Ұсынылып жүрген нұсқалардағы «К» мен «Қ»-ны бір таңба ретінде белгілеу дұрыс болмайды.

 

  1. «Қ» - Адам Атаның қарашаңырағы Қазақ және Қара (Ақ (қар) пен Қара, Қарқара) деген сөз.

       1.Қа (Қаб, Қабырға, Қағба, Қад, Қаду (Үндіс тайпасы)), 2.Қи (Қия, Қиян (Қият), Қимақ), 3.Қо (Қобаң жұрт, Қобыз, Қожа, Қосай), 4.Құ (Құда, Құдай, Құдағай), 5.Қу (Қу Адай әке (Құдайке), Қуат, Қуман,  Қуан), 6.Қы (Қыз, Қызу). Осы алтауынан басқа түбір сөз жасалмайды. Бұл Қазақ қағанатының Ад қауымының жалғасы  және Алты Алаштың Ағасы екендігін көрсетеді.

       1.Қаз (Қазар, Қазан, Қазақ), 2.Қай (Қайсақ, Қайы тайтпасы), 3.Қақ (Ортасы), 4.Қал (ың), 5.Қам (бар), 6.Қан (Қаған), 7.Қаң (Қаңлы, Қаңға баба), 8.Қап (Қапқаз), 9.Қар (ақша қар, қара, қарқара), 10.Қас (Сақ), 11.Қат (Қатын,  Қат-қабат), 12.Қау (лау), 13.Қаш (қар). 13/13 айналасы жұп-жұмыр болып тұр. Бұлардың бәрі осы біздің қазақтың балама атаулары.

      «Қ» таңбасынан Адам Атаның белінен шыққан Қошқардың мүйізі мен Аттың тұяғын айқын көре аламыз.

 

  1. «Л" – Лала (Адам Атаның баласының баласы мен қызы) деген сөз. Бұл ары қарай Лала

(гүл), Лақай (этнос), Латын болып жалғасып кетеді. Қазақтың  «лақты ешкісі» атауында да осы Лақайлардың «аптырлық құқығы» жатыр.

       Лақайлар мен Текелер заманын да көптеген елдер, елді мекендер Теке деп аталған. Теке мен Лақи - Ру аттары. Ежелде қазіргі Батыс Қазақстандағы Орал қаласы Теке, Албания астанасы да ежелде Текеран, ал Иран астанасы күні бүгінде де Тегеран (Текеран) деп аталады.

       Трагедия сөзі грек тілінде «текелер әні» деп аударылады. Демек, бәрінің шығу тегі бір қайнардан. Бәрі-бәрі бастауын қазақ даласы мен оның шежіресінен алады. Қазақта Теке деегн ру бар. Көрші Түрікпеннің де бір руы Теке деп аталады. Қазіргі Иран мемлекетінің негізін кезінде Дайлардың Аршақ деген бір атасының қалағаны барлық жазба деректер де айтылған.  Демек, Аршактың руын Теке деп батыл айтуымызға толық негіз бар. Себебі, мемлекеттің негізін қалаған ежелгі рулар, астанасына өз аталарының есімдерін қойып отырған.

         Лақайлар өздерін «біз өзбек те, тәжік те емеспіз, біздерді жеке, дербес түркі халықтарының бірі деп тану керек» деген мәселені әр кездерде көтеріп келеді. Меніңше олардың кезінде солай болғанына дау болмаса керек. Әйтпесе, көптеген әлем елдерінің құрамында Лақ, Лақай атты ру, тайпа мен елдер болмаған болар еді. Мысалы, солардың бірі Лаки деген атпен Қазақтың Қап тауындағы Дағыстанның жергілікті халқы саналады. Лакия деп те аталады. Оған Лақ және Құлын аудандары кіреді. Кезінде олар Имам Шамилдің ең сенімді серіктері болған. Лақтарда қазақтар сияқты бірін-бірі адам деп атайды. Исламның суннит тармағына жатады.

        Лақай (Лақ, Лақи, Лақия, Лакое, Лақау)  атты ру мен тайпа өзбектер де, қарақалпақтың қыпшақ арысы ішін де, қырғыздар да, қазақтың қоңыратында және т.б. бар. Қарақалпақ лақайлары өздерін Қара бабадан таратады. Лақайлар Дағыстан да (Ресей), Тәжікстанда және Иранда жеке этнос саналады.

        Лақайлар қазақтың төл ұрпағы. «Алпамыс батыр» жырында Алпамыстың тегі қазақ екені және оның руы Қоңыраттың Лақайы екендігі айтылады.

         Қазақтың қысқы бас киімі малақайдың да, алақай мен солақай деген ұғымдарының да авторлық құқықтарын осы Лақайларға (Ман Лақайларға) берсек тіпті де жаңылыспаймыз.

        Ла – 1.Лаб (Лабақ), 2.Лағ (лағыл, лағман, лағу, лағып кету, лағнет айту), 3.Лаж (лажын табу, лажсыз), 4.Лай (балшық), 5.Лақ (лақап, лақтыру,  лақ еткізді, ешкінің лағы, Лақайлар), 6.Лал (Лала гүл, қыз бала), 7.Лаң (лаң салу), 8.Лап (лапылдап жану, лап қою), 9. Лас (лас тірлік), 10. Лат (Латын), Латыш (Латвия) халықтары, Латын тілі, Латын әліппесі), 11.Лау (лау тарту), 12.Лаш (лашын (құс), лашық (үйшік)). Қысқасы, «Ла, Лақ» деген түбірі бар барлық атаулары мен ұғымдарының авторы осы лақайлар.

       Ла – екінші буын да ала, лал (сақау), дала, жала, зала, залал, қала, лала, нала,  сала, тала, шала т.т. болып кездеседі. Демек, 14 орындағы «Ла» қазақтың алғашқы ала-құла болу кезеңі.

       Қазіргі тіл ғылымында «Латын тілі балтық, герман, славян, герман, роман жəне басқа тілдер тобы енетін үндіеуропа тілдері семьясына жатады» делініп жүр. Ақиқатында, «Ла» деген түбірден басталатын Латын Амеркасының байырғы тұрғындарын, Балтық теңізі жағалауындағы Латыш және т.б. елдерді Осы біздің Лақилер мен Лақайлардың толып, толысқан ұрпақтары деп, батыл тұжырым жасай аламыз.  Демек, бүгінгі өтеміз деп отырған Латын әліппесі, Ежелгі қазақ Әліппесі болып табылады. Демек, Латын тілі мен әліппесі бастауын ежелгі Рим империясының негізін қалаған Қазақтың Жеті руынан (Етрури) алады. Қара: («Рим империясының негізін қалаған қазақтың жеті руы» http://alashainasy.kz/kazak_tarihy/rim-imperiyasyinyin-negzn-kalagan-kazaktyin-jet-ruyi-82798/).

       Демек, «Латын» алып биі бастауын бірінші буындағы Атадан да, екінші буындағы Әкеден де, үшінші буындағы Баладан да емес, он төртінші буындағы баланың екінші буыны Әйел мен Баладан алып тұр. Латын тілі мен таңбасының әлем тарихындағы иемденген орны осы (14-ші орын). Олардың тарих сахнасынан кету себебі де осы болатын. Матриархат - қазақ баласына қол емес. «Қатын бастаған көш оңбайды» деген мақалды Ұлы аталарымыз бекер айтпаған. Қазіргі елімізде жүріп жатырған «гендерлік» саясаттың жан-шошырлық қорытындысы осы айтқанымыздың айдай айғағы болмақ. Қазақтың әйгілі көріпкелі Мөңке би бабамыз бен Кенже Ақтан жыраудың болжамдарын еске алыңыз.

      Қабылдайын деп отырған Латын әліппесі Ата тарихымызды осылай сөйлете ала ма? Қабылдайтын болсақ, дәл осылай сөйлетуіміз керек.

 

  1. М – Адам (Ата-м) деген мағына береді. М – тәуелділік жалғау. Бұл дыбыстың түпкі

мағынасы өз атаңнан бастап сонау ең түпкірдегі Адам атаға дейінгі Аталардың (Адамдардың) барлығы менің атам. Ата – бабаларымыздың бір-бірін құрметтегені соншалық кез-келген жанды Адам, яғни Менің атам деп құрметтеуді міндеттеп отыр. Қазақтың сан миллиондаған сөзіне «М» дыбысын қоссаң бәрі менікі деген ұғым береді. Атам, анам, ағам, інім, балам, немерем, шөберем, басым, аяғым, көзім, құлағым, елім, жерім, айым, күнім, жарығым, ботам, т.т. болып кете береді. Қазақта "М" дыбысы жалғанбайтын бірде-бір атау сөз жоқ.

       «М» таңбасы, бұл Адамның соңғы және Манның бірінші дыбысы. Бүкіл әлем елдері Ұлы Жаратушы - Алланың алғашқы жаратқан саналы тіршілік иесін Адам және Ман деп атайды. Осы екі ұғымның екеуі де Қазақ даласының бір пұшпағы Мақыстауда дүниеге келген. Өздеріңіз көріп отырғандай Адам Атаның атын Адай, Ман Атаның атын Манқыстау (Мандардың қыстауы) ұстап отыр.

        Әңгіменің қысқасы, Адам топан суға дейінгілер, Ман топан судан кейінгі Нұқ пайғамбардың қауымы. Ежелгі қазақтар, яғни Алаш ұрпақтары күні кешеге дейін, шежіре білетіндер күні бүгінде де өздерін Нұқ пайғамбар қауымынанбыз дейді.

      1.Ма, 2.Мә, 3.Ме, 4.Ми, 5.Мо, 6.Мө, 7.Мү, 8.Мұ, 9.Мы, 10.Мі. «М»-нен басталатын бірінші дыбыста он түбір, яғни он буын ұрпақ.

      1.Мағ, 2.Мад, 3.Маж, 4.Маз, 5.Май, 6.Мақ, 7.Мал, 8.Мам, 9.Ман, 10.Маң, 11.Мап, 12.Мар, 13.Мас, 14.Мат, 15.Мау (маубас, Мау (жаман) қала), 16.Маш (Машайық). Барлық таңбалардың ішінде 16-мен аяқталатын жалғыз буын.

       «М» таңбасы Адам мен Манды жалғап, қол ұстасып тұрған Ер мен Әйелдің бейнесін беріп тұр. Атына заты сай деп осындайды айтар болар. Латынға өтер болсақ, осы «М» әрібі 15-ші болып тұруы тиіс.

      Адам деген сөзіміздің рет саны 1-6-1-15 болып, 30 таңбаның тең жартысын құрап тұр. Бұл Нұқ пайғамбар атамызға дейінгі қауым. Келесі Нұқ (Ман) қауымы 16-дан басталады.

 

 

  1. Н – деген дыбыс қазақта әрқашанда Нұқ пайғамбар атамыздың есімін, сонымен қатар

Адам Атаның баласы (ұлы, қызы), ұрпағы, яғни МАН деген мағына береді.  Мысалы, Нұралин, Нұртазин, Сарин, Тәжин, Мамин, Карин т.т. болып кете береді. Үнді халқының (Индия) Ата салттарын күні бүгінде де «Ната», яғни Нұқ Ата салты деп атайтындары осыдан. Қасиетті «Неке» деген сөзімізде  Нұқ әкеміздің «аптырлық құқы» сақталатыны да осыдан.

      1.На (Наз, Най, 2. Нә (Нәз, нәзік), 3.Не (немере, немене), 4.Ни (Ниет), 5.Но (Ной, Ноғай), 6. Нө (Нөпір), 7.Нұ (Нұқ, Нұр), 8. Нү (Нүкте), 9.Ны (Нық, Ныспы), 10.Ні (Ніл, Нілдей бұзылды).

       1. Нағ (Нағашы), 2.Над (Надан), 3.Наз (Назым), 4.Най (Найман, Найза), 5.Нақ (Нақ өзі), 6.Нам (Намыс, Намаз), 7.Нан (Наным), 8.Нар, 9.Нас (Насыр (жеңіс)), 10.Нау (Науа, Наурыз – ай аты, мереке (Наурыз - Нұқ пайғамбардың кемесі Қазығұртқа іліңгір тастаған күннен бастап тойланып келеді)), 11.Наш (Нашар).  Алдыңғысында 10/10 болып, Адам Атаның он буын ұрпағы Күнді (Қу мен Үнді) көрсетсе, екіншісінде 11/11 болып ұрпағы дегенді білдіріп тұр.

       «Н» таңбасы да шежіреге сай жасалған. Адам мен Ман Аталарымыздың арасын Нұқ пайғамбар Атамыз «көпір» болып жалғап тұр.

        Жаңа әліппе де Нұқ Ата қауымының «Н» таңбасын тура осылай 16-шы етіп сөйлетуге тиіспіз.

 

  1. Ң – жоқ. «Ң» – бұл дыбыстан жас сәбидің «Ңгә (Іңгә)»-лап жылағанынан басқа сөз

жасалмайды. Демек, бұл дыбыс, әлі тілі шықпаған сәби дегенді білдіреді. Бұл дыбыс сөз арасында: Аң, Аңшы, Аңғал, Маңғыстау, Маңғаз, Маңдала, Маңдай, Таңдай т.т. түрінде кездеседі. Бұл ұғымдарда жоғарыда айтқандай, адамзат дамуының бастапқы (сәбилік) кезеңін білдіреді.

        Манның баласы бір жаста, әлі тілі шыққан жоқ. «Ң» дыбысынан «Ңгә» дегеннен басқа сөз жасалмайтынын осыдан.

        Біз бұл қағидадан, біздің қолданып жүрген дыбыстық таңбалар мен сан атауларынан жеке адамның дүниеге келуі, тілінің шығуы, есейіп, ер жетуі, білім алуы т.т. болып қатар өрілген,  әлемдік Қазақ қағанаттарының тарихы екенін көреміз. Себебі, хандықтар мен қағанаттар, патшалықтар мен әмірліктер, мемлекеттер мен империялар да тура  адам сияқты дүниеге келеді, есейеді, өркендеуінің шырқау шыңына шығып барып ыдырап кетеді, кейін өзге (аталарының) атауымен  қайта жаңғырады.

        Ал, қазіргі кейбір «білгіштер» ұсынып жүрген нұсқалар да бұл дыбыс-таңба атымен жоқ. Сөз бен Таңба дәл осылай өткен шежіре-тарихымыздан сыр шертпесе, ондай реформаның кімге, қандай қажеті бар?

 

  1. «О» – Күн таңбасы, шаңырақ және «Сәби (нәресте)» деген мағынасы бар. Ақиқатында

бұл ежелгі Күндердің, яғни Қу (Қу Адай әке) мен Үн-дердің (Мұңал) таңбасы.

        1.Об (Оба, Обал), 2.Оғ (Оғлан (Ұлан)), 3.Од (Одан), 4.Ож (Ожар), 5.Оз (қатарынан озу, бес деген баға алу), 6.Ой (Ой-Арман, Ой жер, Ойық), 7.Оқ (Жебе), 8.Ол (сегізде басқа болып, бөлініп тұр), 9.Ом (Омбы, Омарта (Омар Ата, бал арасының иесі)), 10. Он (Он оқ), 11. Оң (Оң іс, оңалу, артында бар оңалар), 12. Оп (Оп-оңай, опыр-топыр), 13. Ор (Ора, Орам, Орамал, Орақ, Орыс), 14.Ос (Осы), 15. От ( От жағу, Отын, Отпан, Отан, Отбасы, Отау), Ош (Ошақ). Бұл жерде де 30-дың тең жартысын, яғни 15/15-ті құрап тұр.

       «О»-дан кейін «А (Ата)» таңбасы қойылып қазақ та бірде-бір сөз жасалмайды. Себебі, сәби ешқашан Атасының алдына шыға алмайды.

        Жетінші «Оқ»-та (Жебе) қарашаңырақтың иесі болса, сегіз семитте «Ол» болып бөліну бар.

        Бас киіммен ойнауға болмайтыны сияқты, «О» мен де, Күн мен Сәбиден және олардан да басқа О-дан басталатын барлық ұғымдардың барлығымен  де ойнауға болмайды. О-дан басталатын ұғымдар: От, Оқ-дәрі, Оқтұмсық, Оба (ауру), Оба (мола), Омарта (бал арасы), Омырау (анамыздың төсі), Ор, Орамал, Отан, Отбасы, Одақ пен Бодан, яғни Отан және Одақпен ойнасаң бодан боласың деп тұр. Шынында да, Одақпен ойнауға болмайды. Одақтың қандай болатынын кешегі Кеңестер одағы кезінде көргенбіз. Қазіргі Кедендік одақ, Еуро одақтар түптің түбінде сол бұрынғы «шыққан» жерімізге қайта апаруы әбден мүмкін. Бұндай жағдайлар бұрында да сан рет болған. Әйтпесе біздің сөздік қорымызда «Бодан» деген сөз болмаған болар еді. Себебі, әлді мен әлсіз, яғни аз халық пен көп халық және мәдени даму деңгейлері әр түрлі елдер тең дәрежеде Одақ бола алмайды. Бұл қарапа

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар