Рамзан Қадыров: Мектеп бітіру кештері мектептен тыс өтуі қажет

/uploads/thumbnail/20170710081558572_small.jpg

Шешенстанда мектеп бітіру кештері мектеп тыс болады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі gordonua.com-ға сілтеме жасай отырып. Бұл туралы Шешенстан республикасының басшысы Рамзан Қадыров білім министрімен кездесу кезінде мәлімдеген.

«Мектеп бітіру кештері бұрын болған және бола да береді. Бірақ аталған кештер мектеп қабырғасында орын алмауы тиіс. Ендігі кезекте кеш туралы мәселені  ата-аналар мен мектеп бітушілер өздері шешетін болады»,- деді Рамзан Қадыров.

Қадыровтың айтуынша, ата-аналар мектеп бітіру кештерін қайда ұйымдастырса да өздері біледі, түрлі ресторан мен кафеді өткізулеріне болады, тек мектепте емес.

Бұл шешімнің өз себебі де бар екен. Аталған шешім арқылы Рамзан Қадыров мектептегі ақша жинау мәселесін тоқтатқысы келеді. Себебі бітіру кештері мектеп қабырғасында орын алатын болса, онда мұғалімнің немесе ата-аналар комитетінің ақша жинайтындығы айтпаса да белгілі дүние. 

Шолушы: Әсел Өтешова

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар