Өскеменде Рамазан айында мешітке келушілерге «Имам» таксиі қызмет көрсетпек

/uploads/thumbnail/20170710081546478_small.jpg

Өскеменде Рамазан айында арнайы такси жұмыс істейді, деп хабарлайды Қамшы ақпарат агенттігі Өскемен жаңалықтарына сілтеме жасап.

Қасиетті Рамазан айында облыс орталығында мешітке келушілерге арналған такси жұмыс істемек. Мешітке келіп тілек тілеуші тұрғындарға «Имам» таксиі қызмет көрсетеді.

«Мысал ретінде мешітке келетін егде жастағы кісілерді алсақ болады. Ол кісілердің түнгі намаздан кейін үйлеріне жетуі біраз қиындық тудыруы мүмкін. «Имам»  таксиі арқылы мешітке келушілерге жағдай жасамақпыз»,-деп мәлімдеді Шығыс Қазақстан облысы Халифа Алтай атындағы мешіттің бас имамы Ермек қажы Мұқатай.

Естеріңізге сала кетсек, Рамазан айы 27 мамырдан 24 маусымға дейін созылады. 

Шолушы: Айгерім ТАУБАЙ

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар