Бүгінгі ғашықтардың қас жауы - смартфон (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710081533478_small.jpg

Ютуб желісінде бүгінгі қоғамның ащы шындығын көрсететін видео жарияланды, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі. Заманына қарай адамы немесе адамына қарай заманы. Қалай десек те, бүгінгі таңда қадірлі деп саналған қазыналарымыздың құны көз алдымызда жойылып барады. Адам қолындағы байлығын бағаламайтын хәлге түсті. Кім кінәлі, заман ба әлде адам ба? Технология дамыған, бәрі заман талабына сай болуы тиіс дейміз. Алайда сол заманды адам баласы өз қолымен жасап отыр емес пе? Жаңа заманды қалыптастырамын деп, өз қолымен өз жүрегін тұншықтырып жатқан адамдар. Міне, бүгінгі қоғамның көрінісі осындай.

Видеодан екі ғашықтың махаббат хикаясын, дәлірек айтқанда XXI ғасырдың қос ғашығының махаббат хикаясын көре аласыздар. Өзіңізді танып қалуыңыз да мүмкін. Жаңа технологияның қастерлі сезімді өлтіруіне жол бермеу - сіздің қолыңызда! 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар