Мектеп жасынан қорлық көрген қыз жәбірлеушісін аяусыз жазалады

/uploads/thumbnail/20170710081919668_small.jpg

Керала штатында қыз өзін зорлаған 54 жастағы свамидің (Үндістандағы құрметті діни титул) жыныс мүшесін кесіп тастаған, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап.

Хари Свами есімді 54 жастағы ер адам қыздың отбасына өзін діни қызметкер ретінде таныстырыпты. Бұған сенген қыздың ата-анасы оның үйіне еркін кіруіне рұқсат берген.

Дәрігерлердің айтуынша ер адамның жыныстық мүшесін қалпына келтіру мүмкін емес. Сұрау алу кезінде жас әйел ер адамның өзін мектепте оқып жүрген кезінен бастап зорлап келе жатқанын айтқан. Ер адам оның үйіне қыздың ауру әкесі үшін дұға ету үшін жиі келеді екен.

Қыз өзінің айтқанына жұрт сенбейді деп ойлап, ақырында зорлықшыға пышақпен қарсылық көрсеткен. Тергеу кезінде зорлықшының ешқандай діни қауымдастыққа қатысы жоқ екені анықталған.

Бүгінде зорлық көрсеткен ер адамның  жағдайы бірқалыпты. Оның үстінен "зорлық жасауға әрекеттену" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар