Тянь-Шан тауының маңында үнемі түсініксіз оқиғалар болып тұрады деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып. Осыдан жыл бұрын осы жерге аспаннан өзге планеталық кеме құлаған. Адамдар оны шайтанның моласы деп атап кетіпті. Олай атау себебі бірнеше күннен кейін табылған қирандылар жоғалып кетіпті.
Шайтанның мазары атанған бұл жер Сары Джаз атты өзеннің жоғарғы жағында орналасқан. Бұл жерде үнемі түсініксіз оқиғалар болып тұрады екен. Бұл жердің құпиясын әлі күнге дейін ешкім аша алмаған.
Аталған жерде үнемі жындардың даусы естіледі, көлік апаты жиі болады. Бұл жердегі түсініксіз құбылыстарды ғалымдар түсінуге тырысып, зерттеу жүргізіп жатыр.
Шолушы: Әсел Өтешова
Пікір қалдыру